А.Қасым: "Доллар көтерілді. Бұрынғы алған қарызын қай бағаммен өтейді?" (Сұхбат, 05.04.2014 ж.)
- Бисмилләхир рахманир рахим! Құрметті Абдусамат мырза, Өзіңіз білесіз, осыдан бірәз уақыт бұрын (2014 ж.) доллардың теңгеге шаққан құны күрт көтерілді. Бұрынғы бағамы бойынша, дәлірек айтқанда 1 доллардың құны 155-теңге болып тұрған ол, бірден 185-теңгеге көтерілді. Доллар 155-теңгеден болып тұрған кезде берген қарыздарды қай бағаммен өтеу керек деген мәселе төңірегінде сөз қозғасақ деп отырмыз. Негізгі сұрағымызға өтпей тұрып жалпы «қарыз берудің шариғаттағы орны» жайында қысқаша айтып өтсеңіз! - Әлхамдулиллахи раббил ъаламин, уассалату уәссәламу ъаля әшрафил мурсалин...