Көшеде екі түрлі әйел бар...
Көшеде екі түрлі әйел бар...

 

Көшеге шыға қалсаң екі түрлі əйелді кезіктіресің:

Біріншісі, Юсуф пайғамбарды азғырып, өзіне еліктіргісі келген қожайынның әйелі Зилиха тәріздестер. Яғни, Зилиханың вирусына шалдыққан әйелдер: боянып-сыланып, еркек атаулыны қоздыратын киімдерді киіп "һəйтə лəк" - "маған келші" дегендей былқ-сылқ етіп, бұраңдап, көз арбай жүретін əйелдер. 

Мұндай əйелдермен Юсуф пайғамбар секілді бол. Көзіңді алып қаш та: "Алла өзің сақта (ма-аъзəллоһ)"-де.

Екіншісі, тіршіліктің қамымен көшеге шығуға мәжбүр болған, ибалы-инабатты, көзін төменге түсіріп, ұяла қадам басатын Шұғайып пайғамбардың қыздары іспетті. Ондай əйелдермен Мұса пайғамбар секілді мəміле жаса: қоғамдық көлікте көре қалсаң отырған орныңды ұсын. Ауруханада т.б жерлерде көрсең кезегіңді бер. Сөзге тартуға тырыспа. Қол ұшыңды бер де, бұрылып кете бар. Сосын Алланың жақсылығын күт.  

Юсуф пайғамбар (алейхиссалям) сұлу да бай әйелдің еліктіргеніне көнбей, әлгіндей бойын алып қашқан еді, Алла оны құлдықтан босатып, патшалық деңгейге көтеріп қойды. Ал, Мұса пайғамбарды (алейхиссалям) тақыр кедейліктен құтқарып, басына күн туғанда бас сауғалар жер беріп, қызмет беріп, адал жар нəсіп етті*. Жақсылықтың қайтарымы тек қана жақсылық емес пе? (Рахман сүресі, 60-аят).

(*Мұса (ғ.с.) Шұғайып пайғамбардың қыздарына жәрдемдескен еді. Шұғайып пайғамбар Мұсаны танып, оған қошемет көрсетті. Қызының бірін оған некелеп, өзіне күйеу бала етті).

Ерсін Әміре
Дереккөз: Ерболат Айтбайұлының
facebook.com парақшасынан.
Аздап өндеген: А.Қасым. 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
5 жыл бұрын 6226
1 пікір
Блог туралы
0
928836 349 725 19450 296