"СЛУГА НАРОДУ" атты саяси сатиралық телехикая жайында
"СЛУГА НАРОДУ" атты саяси сатиралық телехикая жайында

"СЛУГА НАРОДУ" атты саяси сатиралық телехикая жайында бір-екі ауыз сөз қозғағым келіп отыр. Мен үшін бұл телехикая 2015 жылда көрген ең тамаша фильм. Фильмді түсірген украиналықтар.
МАЗМҰНЫ:
Бұл фильмде өз елінің билік өкілдеріне көңілі толмай жүрген халықтың "арманы", "әттеген-айы", "қынжылысы", "іштегі реніші" бейнеленеді. Әрбір семьяда шай үстінде қойылатын, алайда, дастарқан басынан әрі аса алмайтын елдегі ахуалдарға қатысты сұрақтарға жауап іздейді. Таңнан қара кешке дейін ескі автокөлігімен "таксовать" етіп, көшеден бала-шағасына нәпәқа теріп жүрген жүргізуші азаматтың сіз айтқан адреске жеткенше, жол-жөнекей талқылап баратын өкіметтегі мәселелер, жасалуы тиіс өзгерістер, шенеуніктер арасындағы коррупция, оларды жеңу жолдары т.б. "мен болғанда бүйтер едім, сөйтер едім" дейтін жоғарғы жаққа жетпейтін ұсыныстар аталмыш фильмде көрініс табады. Бір сөзбен айтқанда, сізбен-біздің іштей немесе өз арамызда "былай болғанда жақсы болар ма еді?!і" деген пікір, сұрақ аталмыш саяси комедиялық телехикаяда әдемілеп тұрып көрініс табады.

Осындай туындыны шығарған украиналықтарға, актерларды дәл таңдап алған бас режиссерға, сценариді жазған сценаристерге және өзіне тапсырылған рөлді шынайылықпен, әрі шеберлікпен, жанын салып сомдап шыққан актерларға (әсіресе, премьер министр рөліндегі Юриға) алғысым көп. 
Еліміздегі телеарнадағы ешкімге пайдасы жоқ, үнді, түрік, корей телехикаяларын бере бергенше, арасында осындай фильмді де көрсетіп отырса деймін. Мұндай фильм болашақта ел тізгінін ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың санасына оңды әсер қалдырары сөзсіз. 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
8 лет назад 3835
1 комментарий
  • Әзірге 4 сериясын көрдім. Расында да тамаша сериал екен.
    8 лет назад
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296
Прямой эфир