Құранды жаттаудың тез әрі оңай тәсілін білесіз бе?
Құранды жаттаудың тез әрі оңай тәсілін білесіз бе?

Медине қаласындағы Құран үйрететін ұстаздар сүрені тез жаттаудың мықты әдісін ойлап тауып, практика жүзінде тексеріп көрген. Тексеріс нәтижесінде аталмыш әдісті қолданған Құран үйренуші студенттердің 85% бір бетті тез арада жаттап алғандығы анықталғанға ұқсайды. Әдіс төмендегідей: 

Алдымен бастапқы төрт аятты назарға алып, әрқайсысын 20 мәртеден оқимыз. Одан кейін төртеуі бірге 20 мәрте оқылады. Бұл төртеуі 20 мәрте оқылғаннан соң, келесі кезектегі төрт аятқа көшеміз. Екінші кезектегі төрт аятты дәл жаңағыдай 20 мәртеден оқып болып, бастапқы төрт аят пен осы төрт аятты бірге қосып, 20 мәрте оқимыз... Осылайша, сүренің бір бетіндегі аяттарды төрт аяттан бөліп, аталмыш тәсілмен оқысақ тез жаттап алуға болады. 

Халид Мухаммад

www.facebook.com парақшасынан

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
8 лет назад 11410
2 комментария
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296
Прямой эфир