Індеттің Заһири (беткі) және Батыйни (ішкі, астарлы) себептері бар!
Індеттің Заһири (беткі) және Батыйни (ішкі, астарлы) себептері бар!

 

*Заһири - көрнеу, беткі. 
**Батыйни - ішкі, астарлы, жасырын, көмес.


Індеттің Заһири және Батыйни себептері бар. Батыйни (ішкі, астарлы) себебі - Құдайын ұмыту, Жаратушыға қарсы келу, қоғамда ойнас (зина), жын-ойнақ, зұлымдық, әділетсіздік, адам өлтіру, кісі ақысын жеу т.б. азғындықтардың жайылуы жатады. Бұл азғындықтардың бәрі қазіргі қоғамда кең етек алғаны белгілі. Адамдар құдайын танымайды. Көпшілігі пенде екендіктерін ұмытқан. Зина (ойнас) ісі еркін. Көшенің ортасында ойнас жасайтындай жағдайға келді. Педофилия, Лутыйя (гомосексуализм) кең етек алып барады. Тіпті, кей елдерде Лутыйяға заңды түрде рұқсат беріп қойған. Маскүнемдік, әділетсіздік, зұлымдық, кісі ақысын жеу дегендерді айтпай-ақ қояйық. Ең жаманы - осы азғындықтардың көбін "мәдениеттілік" деп қабыл етеміз.

Жер шарының 95 пайызы (не одан көбі) рухани азғындық батпағына батқан. Ойнас, жын-ойнақ, арақ-шарап т.б. ауыр күнәлар ашық-шашық орындалмайтын мемлекет жоқтың қасы. Қай жерге барсаң да харам істер. Тіпті, үйдің ішіне дейін кіріп алған. Теледидарда ойнас күнде насихаттулада. Бір киноны көрейін десең, міндетті түрде ішінде төсек сахнасы орын алып жатады. Онсыз кино жоқ.

Өздерін құдай санаған перғауындар бой көрсетті. Бағынбаған мемлекеттерді түрлі желеулермен жайпап, қан-қақсатуда. Өздеріне табынбай, Хақ Тағалаға құлшылық етемін дегендерді анау-мынау деп қудалауда. Әлдебір мемлекет олардың жолын ұстанбай өз білгенімен дамып келе жатса, бірден арандатушы иттерімен сол мемлекетте көтеріліс жасай салып, бір пәсте ойранын шығаруда.
Осындай зұлымдық, азғындық кеңінен тараған мына заманда «Коронавирустың» жайылып жатқандығына несіне таң қаламыз? Неге бұл вирус хайуандарға жұқпайды? Тек қана адамдар арасында таралуда. Неге? Бұл Құдайдың пенделеріне бір ескертуі болуы мүмкін емес пе?

Мысалы бүгінде бір вирус себепті әлемде:

1. Жын-ойнақ 70-80 пайызға азайды;

2. Зина (ойнас) азалды;

3. Құмар ойыны азалды (әркім өз басымен әлек);

4. Ашық түрде ішімдік ішіп, мас болушылық азайды;

5. Көшеде ұрыс-керіс жоқ. Бір-бірімен жаға жыртысып жатқан ешкімді көрмейсің. Көпшілігі үйінде;

6. Тазалық (гигиена) артты;

7. Соғыс тоқтатылды;

8. Өздерін Құдай санап жүрген перғауындар есеңгіреп, өздерін шарасыз, әлсіз екендіктерін ұқты;

9. Бай болсын, кедей болсын, президент болсын, қарапайым шаруа болсын, Алланың назарында тең екендіктерін көрді.

Ендеше, ағайын, Құдай ақырын берсін, біздерге осы жағдайдан сабақ алу міндет. Осы тұрғыда, Құдайға жалбарынып, әркім мына Юнус пайғамбардың дұғасын оқып жүргені абзал. Алла Тағала осы дұға себепті Юнус пайғамбарды киттің ішінен аман-есен шығарған еді:

«Лә иләһә иллә Әнтә, Сүбханәкә, инни күнту миназ Золимин».

لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ

Мағынасы: «(Аллаһым) Сенен басқа тәңір жоқ. Сен әртүрлі кемшіліктерден пәксің. Шынында мен залымдардан болдым!».
#деймінда #коронавирус

 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
5 лет назад 22584
0 комментариев
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296