Ғалымнан пәтуа сұраған президент (оқиға)
Ғалымнан пәтуа сұраған президент (оқиға)

Тарихтан ғибрат!
1961 жылы Тунис елінің алғашқы президенті Хабиб Бұрқиба (1903-2000ж) Рамазан айында ауыз бекітпей, халықты да оразаларын бұзуға шақырыпты. Бұл ұсынысын шариғи үкіммен де бекіткісі келген ол, сол заманғы Тунис елінің муфтиі Ислам ғұламасы Таһир ибн Ашурдан өндіріс күшін арттыру мақсатында ауыз ашуға болады деп пәтуа беруін талап етіпті...
Сонымен, Таһир ибн Ашур теледидар алдына шығып, «не дер екен» деп күтіп отырған бүкіл Тунис халқына: «Ей мүмін-мұсылмандар! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етілді» деген Құран аятын оқыпты да артынан: «Алла рас айтады. Хабиб Бұрқиба (президент) жалған айтады. Алла рас айтады. Хабиб Бұрқиба жалған айтады. Алла рас айтады. Хабиб Бұрқиба жалған айтады» деп үш рет қайталапты. Сосын себепсіз ауыз бекітпеудің харам екендігін, кім олай істесе діннің нақты бекітілген үкімін жоққа шығарған болатындығын қаперге салыпты. Ал оразаның өндіріс күшін төмендетеді деген уәждің шындыққа жанаспайтындығын білдіріпті. Ғұламадан мұндай батылдықты күтпесе керек, ешкім ләм-мим дей алмапты. «Оразаны тоқтату» жоспарын жүзеге асыра алмасын білген Тунис өкіметі болса, кейін шегініпті. ‪
#бүгінгісөз‬ ‎#деймінда 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
5 лет назад 4604
0 комментариев
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296