Тарихтан ғибрат!
1961 жылы Тунис елінің алғашқы президенті Хабиб Бұрқиба (1903-2000ж) Рамазан айында ауыз бекітпей, халықты да оразаларын бұзуға шақырыпты. Бұл ұсынысын шариғи үкіммен де бекіткісі келген ол, сол заманғы Тунис елінің муфтиі Ислам ғұламасы Таһир ибн Ашурдан өндіріс күшін арттыру мақсатында ауыз ашуға болады деп пәтуа беруін талап етіпті...
Сонымен, Таһир ибн Ашур теледидар алдына шығып, «не дер екен» деп күтіп отырған бүкіл Тунис халқына: «Ей мүмін-мұсылмандар! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етілді» деген Құран аятын оқыпты да артынан: «Алла рас айтады. Хабиб Бұрқиба (президент) жалған айтады. Алла рас айтады. Хабиб Бұрқиба жалған айтады. Алла рас айтады. Хабиб Бұрқиба жалған айтады» деп үш рет қайталапты. Сосын себепсіз ауыз бекітпеудің харам екендігін, кім олай істесе діннің нақты бекітілген үкімін жоққа шығарған болатындығын қаперге салыпты. Ал оразаның өндіріс күшін төмендетеді деген уәждің шындыққа жанаспайтындығын білдіріпті. Ғұламадан мұндай батылдықты күтпесе керек, ешкім ләм-мим дей алмапты. «Оразаны тоқтату» жоспарын жүзеге асыра алмасын білген Тунис өкіметі болса, кейін шегініпті.
#бүгінгісөз #деймінда
Ғалымнан пәтуа сұраған президент (оқиға)
|

0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 года назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 года назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 года назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 года назад2025, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.