ДУБАЙДА СУ АСТЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ (Фото)
ДУБАЙДА СУ АСТЫНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ (Фото)

Дубай әлемді таңқалдыруынан танар емес. Жуырда бұл шаһарда «Уотер Дискас» теңдессіз су асты қонақ үйінің құрылысы аяқталмақ деп хабарлайды Хабар арнасына сілтеме жасаған Businessnews.kz.

Сымбатты сәулет туындысы сақина тәріздес 2 ғимараттан тұрады. Олардың бірі судың бетіне шығып тұрса, екіншісі теңіз деңгейінен 10 метр төменде орналасады.

BpbONJZ1g2g

oae-foto-nomera-podvodnogo-otelya-dubaya

oae-foto-nomera-podvodnogo-otelya-v-dubae

water_hotel_01

Подводный-отель

Дөңгелек ғимараттар бір-бірімен 5 мұнара және баспалдақтар мен жеделсатыға арналған орталық тік білік арқылы байланысады. Төменгі бөлігінде су астын көруге лайықталып жасалған 21 жайлы бөлме, сүңгү орталығы мен сусын ішетін бөлме бар.

Алайда осындай ерекшелігіне қарамастан, «Уотер Дискас» әлемдегі ең алғашқы суасты қонақ үйі емес. Мальдив аралы мен Флоридада бірнеше жылдан бері осындай отельдер жұмыс істеп тұр. Бірақ олардың көлемі Дубайдағы қонақ үйден шағындау.

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 лет назад 9955
9 комментариев
  • Ақырзаман белгілері ертен су астында жатып білгендерін істемесе болар. Осындай қонақ үйлерді тек байлардың қолы ғана жететін болады
    9 лет назад
  • Ақша жинап барамын
    9 лет назад
  • Керемет шығар су астында болған, әсіресе мен сияқты судан қорқатын адамға. Адреналин...
    9 лет назад
  • Kushti
    9 лет назад
  • құр әшейін "роскош" басқа ештеңе де емес
    9 лет назад
  • Не де болса əдемі екен!маған ұнап тұр!
    9 лет назад
  • Бəрібір бара алмайм,баруға да талпынбайм,дүние осылардікі бола берсін...
    9 лет назад
  • Неге олай дейсіз? Болашақта не боларын бір Құдай біледі. Алла нәсіп етіп барып та қаларсыз!? "Ойламаған жерден ризықтандырамын" дейді Жаратушымыз Құранда. Сіз де ойламаған жерден барып қаларсыз, кім біледі.
    9 лет назад
  • Ой ол жақта тамақ та жайыз емес болар)))
    Көңіліңізге рахмет!жалпы айтайын дегенім ол жақ арманым емес,одан да маңызды істер бар,мəселен 5ші парызымды өтер ем...
    9 лет назад
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296
Прямой эфир