ар-Руми. Қиындық жайында

 

Мәуләнә Жәләлуддин ар-Руми былай дейді:

"Кілемді сабалаушының мақсаты - ұру емес, шаңын қағып тазалау. Тура сол сияқты, басқа түскен қиындық арқылы да Алла тағала бойға біткен шаң-тозаңды қағып, тазалайды. Ендеше, неге сонша қайғыланасың?!"

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 лет назад 5119
6 комментариев
  • Басқаны қайдам, өзім дәріс алмасқа болмайтындай жағдайлар болды. Оған да шүкір, Алла тура жолға салғысы келсе сынайды ғой.
    9 лет назад
    • Сынақтың мақсаты түрлі. Бір сынақ бар - адам одан кейін таубесіне келіп, жақсылыққа ұмтылады. Құранда "Қайсысын жақсырақ амал жасайды екенсіңдер..." деп келеді Мүлік сүресінде.
      Тағы бір сынақ бар - адамды шындау, төзімді ету үшін болады. Мұны, суға жүзе алмайтын кісіге суға жүзуді үйрету үшін тереңірек жерге апарғанға ұқсатамын.
      Және бір сынақ бар - ұстанған тура жолында берік пе соны анықтау үшін. Немесе, ұстанымы қаншалықты сапалы. Иманына қаншалықты берік. Мұндай сынақтар Пайғамбарымыздың кезінде "мұнафиқтарды" айқындатып жататын.
      9 лет назад
  • жақсы түсіндірме жасадыңыз, рахмет.
    9 лет назад
  • Керемет. Көмейден өтті, Жүрекке жетті, жігерлендірді, күш берді.
    9 лет назад
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296
Прямой эфир