"Кілемді сабалаушының мақсаты - ұру емес, шаңын қағып тазалау. Тура сол сияқты, басқа түскен қиындық арқылы да Алла тағала бойға біткен шаң-тозаңды қағып, тазалайды. Ендеше, неге сонша қайғыланасың?!"
Сынақтың мақсаты түрлі. Бір сынақ бар - адам одан кейін таубесіне келіп, жақсылыққа ұмтылады. Құранда "Қайсысын жақсырақ амал жасайды екенсіңдер..." деп келеді Мүлік сүресінде.
Тағы бір сынақ бар - адамды шындау, төзімді ету үшін болады. Мұны, суға жүзе алмайтын кісіге суға жүзуді үйрету үшін тереңірек жерге апарғанға ұқсатамын.
Және бір сынақ бар - ұстанған тура жолында берік пе соны анықтау үшін. Немесе, ұстанымы қаншалықты сапалы. Иманына қаншалықты берік. Мұндай сынақтар Пайғамбарымыздың кезінде "мұнафиқтарды" айқындатып жататын.