Аққала жасау күнә ма?
Аққала жасау күнә ма?
Әссәләмуғалейкум! Сайттардың бірінде,  «аққала жасау» туралы пәтуа шыққанын жазған.  Менің түсінгенім бойынша, ол жерде қардан аққала жасауды тірі жанның мүсінін жасаумен тең санап отыр. Сол себептен  аққала жасауға тыйым салынады делінген. Осы қаншалықты дұрыс? Аққала жасау күнә ма?
Дәурен. 
Уағалейкум әссәләм! Қадірменді Дәурен, жалпы алғанда жанды заттың бейнесін кескіндеуді Пайғамбарымыз (с.а.у.) қатаң түрде тыйғаны белгілі. Осыны назарға ала отырып, ғалымдардың бір шамасы жанды заттың мүсінін жасауға, суретін салуға үзілді кесілді қарсы[1]. Әйтсе де, Мәлики мәзхабы бойынша: жанды заттың мүсінін - темір, мыс, ағаш, тас сияқты ұзақ сақталатын материалдардан жасау харам. Ал, қамыр, қарбыз сияқты ұзаққа сақталмайтын заттардан мүсін жасау харам емес делінген[2].  
Осы негізге сүйенер болсақ, аққала жасау күнә емес. Себебі, ондағы мүсін «ұзақ сақталмайтын» заттан, яғни, қардан жасалады. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1]Жанды заттың мүсінін салуға болады деп тұжырымдаған ғалымдар да жоқ емес. 
[2] Әл Маусуғатуль Фиқһия – 12/101 бет. Кувейт

Абдусамат Қасым
Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 лет назад 7085
0 комментариев
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296