"Рақмет" сөзінің төркіні
"Рақмет" сөзінің төркіні

Қайырлы күн. 
Бір ағамыз "рақмет" сөзінің төркіні жайында сұраған еді. Соған қатысты қысқаша тұжырымдамамды бөлісе отырайын. 

"Рақмет" сөзі "рақым ет" деген екі сөздің қосындысы емес. Рақмет сөзі түптеп келсек арапшадағы "Рахмəтун-رحمة" (немесе "рахмəтƏн") сөзінің қазақшадағы үлгісі. Мағынасы: Мейірім, рақымдылық(Қазақта оның соңғы "ун" жалғауын оқымай, "рахмат" деп айтуы əдеттегі іс. "Махаббатүн-محبة" сөзінде де "үн" жалғауын тастап "махаббат" деп айтып кеткен).

Бізде ол сөзді алғыс сөзі ретінде қолдануының өзіндік мəні бар. Бір кісіге алғыс білдірерде "рақмет" деу арқылы біз оған: "Саған Алланың рақымы болсын" деп бата берген боламыз. "Рақмет" сөзінің астарында осындай дұға-тілек жатыр. 

#бүгінгісөз 

рахмет, рақмет, рахым ет, рахмат
Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
7 жыл бұрын 22726
0 пікір
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296