Журналистер қауымына бірер сөз!

Деймін да...! 
Соңғы кездері ғаламтор беттерінде жарияланатын қазақша жаңалықтарда "былапыт, бейпіл сөздер" ішінара болса да кездесіп жататын болды (Мысалы, "с... жихад" т.б.). 
Журналист қауымы, сіздердің міндеттеріңіз халықты жақсы бағытқа бастап, барынша мәдениеттілікке баулу болуы тиіс. Өйткені, біз сіздердің жазып, ұсынып бергендеріңізді оқимыз. Сіздер жазбаны қай бағытқа бұрып жазған болсаңыздар, біз де сол бағытқа қарай көбіне кетіп жатамыз. Сондықтан, жаңашырлықпен қараған дұрыс. 
Бірінші кезекте "сөйлеу этикасына" аса қатты маңыз аудару керек. Мәдениеттіліктің басы - "ауыздан шыққан сөз". Егер, ауыздан "ақ ит кіріп, қара ит шығып жатса" және "ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫСЫ" сол сөздерді "ӘДЕПСІЗДІК ЕМЕС" деп есептеп, әдеттегі нәрсеге жатқызса, онда, бұл қоғамның рухани аза бастағандығының бір белгісі. 
Ал, енді, сіздер (журналистер және жазушылар) күнде былапыт, боғауыз сөздерді қосып, халықтың "КӨЗІН", "ҚҰЛАҒЫН" (арғы жағына ұңілер болсақ "АР-ОЖДАНЫН") ҮЙРЕТІП жатсаңыз, бұл жаңашырлық емес, "ДҰШПАНДЫҚ" дер едім...
(ЕСКЕРТУ: Шынымен-ақ, елім, жерім деп барынша жаңашырлық танытып жүрген журналист ағаларымыз, інілеріміз бар. Бұл жерде, сөзім оларға емес).
Төмендегі суреттегі "С..." сөзінің орнына қазақ тілінде басқа баламасы құрып қалыпты ма, сонда? Бар ғой, тіліміз Құдайға шүкір, өте бай. Ол сөзді сыпайы, мәдениеттілікпен жеткізетін сөздер бар емес пе? Мына жерде Нур.кз жігіттерінің "Имам с...." деп ұялмай айтуға қалай ауыздары барды екен? #деймінда   

 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 жыл бұрын 6185
8 пікір
  • Дұрыс екен, себебі интернетте тіпті мектеп оқушылары да отыратыны белгілі ғой.
    9 жыл бұрын
  • нур.кз сайты әдепсіз сойлеп нешетүрлі керексіз ақпарат тарататынын баяғыдан байқағам. атын өзгерту керек - нұр сөзіне сай емес деп ойлаймын.
    9 жыл бұрын
  • және СМК не керегі бар? мұсылман еместер күлетін болды олардың әртүрлі идеяларына
    9 жыл бұрын
  • Өздеріне рейтинг жасау үшін әдепсіз дүниелерді де шығара береді.
    Ең қорқыныштысы бұл мәселе қалыпты жағдайға айналып бара жатыр, өзекті мәселені көтеріпсіз.
    Қолдаймын.
    9 жыл бұрын
  • Біздің қоғамның да санасы уланып кеткен ғой.
    9 жыл бұрын
  • рас айтасыз
    9 жыл бұрын
  • "islam.kz" сайтының барына шүкір деймін да! Аллаға шүкір! Осы сайттың арқасында (асыл дініміздегі төл мазхабымызға сай таным көкжиегімізді кеңейтіп келе жатқан басқа да осы "islam.kz"-тей сайттардың арқасында) оң-солымызды ажыратып жүрміз. Сайттың қызметі беркелі болсын!
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296