Естімеген елде көп. «Фейсбук» сөзін азанға қосқан азаншы қызметтен аластатылды
Естімеген елде көп. «Фейсбук» сөзін азанға қосқан азаншы қызметтен аластатылды

Мысырлық азаншы дәстүрлі азан мәтініне «фейсбук» сөзін қосып айтқаны үшін қызметінен аластатылды.

Дәстүрлі азан мәтінінде таң намазы уақытында «Намаз ұйқызан артық» деп айтылады. Алайда, Кафр Давар қаласының азаншысы Махмұд Могази осы сөздің орнына «Намаз фейсбукте уақыт кетіргеннен қайырлы» деп айтып жіберген.

Осыдан соң Сайед Гази мешітінің жамағаты ислам рәміздерінің ұлығы саналатын азан мәтінін бұзған азаншының үстінен арыз түсірді. Ал өткен жексенбіде телеарна бағдарламасында жамағат Махмұд Могазиді дінбұзарлық жасайды деп айыптады. «Оның осындай бүйректен сирақ шығарғанынан бүгінде жамағат мешітке келмейтін де болды» дейді олар.

Осы факті бойынша тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін Могази қызметтен аластатылды. Ал Махмұд Могази болса жамағаттың онсыз да мешітке келмейтінін, сондай-ақ ел аумағында тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» ұйымына жанашырлық танытатынын айтуда. Ол қызметтен қуылған жағдайда аштық жариялаймын деген уәжін де жеткізді. 

Дереккөз: hibatulla.kz 

Қасиетті азан сөзіне "фейсбук" сөзін қосып айтты деген ақпарат тарап жатыр. Тіпті кейбіреулері "Ислам ғалымдары шариғатқа теріс емес деп айтқан" деп жазылған.
Бұл жерде екі бассыздыққа жол беріліп отыр:
Біріншісі, азаншының олай айтуы - қасиетті азанға деген құрметсіздігінен және оны жеңілге алуынан туындап отыр.
Екіншісі, "Ислам ғұламалары" дей келе Ислам ғалымдарын мазақ қылмақшы. Бұл - Ислам ғалымдарын келекеге айналдырғысы келген әлдебіреулердің жаласы деп ойлаймын. Өйткені, ешқандай Ислам ғалымы бұны мақұлдамасы анық.
Шариғатта азанның қасиеті ұшан қиян. Әрібірденсоң, мұсылмандардың жеріндегі бір өңірде азан айтылмаса, сол өңірге соғыш ашылады делінген. Ойлап қараңызшы "Азан" айтылмаған жерге соғыш ашылады өкімет тарапынан. Бұл дегеніңіз азан үшін жан пида деген сөз. Енді, келіп, қайсыбір надан, сол қасиетті нәрсені келеке мазаққа айналдырып, аяққа таптап отыр.
Сіздерді қайдам, өз басым бұған қатты ренжідім.

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 жыл бұрын 4853
0 пікір
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296