БҰЛТТЫҢ САЛМАҒЫН БІЛГЕНДЕ ТАҢҒАЛМАСҚА ШАРАҢ ЖОҚ!
Мына кішкентай ғана бұлттың салмағы қанша екенін білесің бе? Егер білсең, «соншама уақыт төбемізде тұратын бұлттардың үнемі ауыр салмақпен жеңіл қозғалып жүретінін қалайша сезбейміз?» деп таңғаласың...
Бұл кішкентай ғана бұлт 500 мың келі тартады! Таңғалдың ба? Иə, иə, өте ауыр! Яғни, 500 тонна!
Ғалымдар найзағай тек ауыр бұлттардан ғана шығады деген тұжырымды жақында ғана мәлімдеді. Ал, Алла Тағала бұл керемет жайлы ұлы кітабы Құранда 14 ғасыр бұрын баяндап қойған:
"Ол (Алла) сендерге найзағайды қорқыныш және үміт ретінде көрсетеді əрі ауыр бұлттарды пайда қылады". («Рағыд» сүресі, 12-аят).
Бұл аят найзағай мен бұлттар жайлы ғылым атымен жоқ заманда адам қолымен жазылуы мүмкін емес. Демек бұл – Құранның Алланың ақиқи сөзі екендігіне кезекті бір дəлел.
Дереккөз: Сахинур Таипжан қызының FB-парақшасынан