"Аллаға иман келтіргендер арасына жезөкшелікті (немесе арсыздықты) жайғысы келетіндерге дүниеде де, ақыретте де ауыр азап бар. Алла біледі, сендер білмейсіңдер". [Құран-24:19].
-------------------------
Өкінішке орай, қазіргі таңда теледидарда болсын, ғаламтор арқылы болсын түрлі арсыздықтарды жарнамалап, халық арасына насихатталып жатқаны жасырын емес. Жезөкшелік, некесіз ойнас, гомосексуализм, эротикалық бейнелер үйреншікті жағдайға айнала бастады. Ал, наркомания, анашизм, алкоголизм жастар арасында кең етек алғалы қашан. Бұл аздай, некесіз ойнасты мектеп жастағы бүлдіршіндерге тықпыштап жатыр. Осындай арсыздықтардың насихатталып, мұсылман қоғамында белен алуына мұрындық болғандарға екі дүние азабы бар. Кейбірі осы қысқа өмірден азап көрмей өтуі мүмкін. Бірақ, ертең қабірге кіре салысымен мəңгі де, азапты өмірге аяқ басатындығына шүбə жоқ. Ендігі жерде Біз, жақсылық пен жамандықтың, арлы мен арсыздықтың арпалысы жүріп жатқан мына өмірде қайсы тараптамыз? Ар-ұятты жаюшылар тарапында ма, əлде, арсыздықты ма? Орын алған тарапымызға қарап-ақ, ертеңгі ақыреттегі өмірімізді шамалай беруге болатын шығар! #деймінда #аяттантуғаной
Аяттан туған ой!
|
1 пікір
-
Ізтілеуов ЖанболатАбдусамат бауыр дұрыс айтасыз6 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Дәурен жаңа жазба қосты: "Как развивается исламский банкинг в Казахстане и ч..."20 сағат бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ жаңа жазба қосты: "ҚЫДЫР АТА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР..."22 сағат бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "АУЫЛ ИМАМДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ САЙЫСҚА ТҮСТІ..." тақырыбын ұнатты.3 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "СӘЛӘФИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ, КЕЛЕШЕГІ - БҰЛЫҢҒЫР..." тақырыбын ұнатты.3 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "ӘЛЕМДІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ: ӨЗГЕРІСТЕР, ҮРДІСТЕР..." тақырыбына пікір жазды.3 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "ШОҚАН АҒАРТУШЫ МА?..." тақырыбын ұнатты.3 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.