Тағдырды қалай түсінеміз? (Ұстаз бен шәкірт арасында болған сұхбат)
Бисмилләһир рахманир рахим. Шәкірт:- Адамдар істеген істерін өз еріктерімен істейді ме, жоқ па? Ұстаз:- Жалпы алғанда адам баласы кейбір іс-әрекеттерінде ерікті. Табыс тауып, ішім-жемін қамтамасыз ету үшін әрекет етуі, алдына қойған мақсат-мұратына жетуге талпынуы, қажет еткен нәрселерін алуы т.б. осы сияқты ақылымен ойлап, өз қалауымен орындайтын істер - еріктіге жатады. Еріксіз іс-әрекеттерге, жаурағанда қалтырауы, кенеттен аяғы тайып құлауы т.б. оның қалауынсыз, ықтиярынан тыс туындайтын әрекеттерді атасақ болады. Діни бұйрықтарды орындау мәселесінде адамға қалау еркіндігі берілген....