Отбасы мүшелерінің суретін салып келіңдер деп тапсырма берген бастауыш сынып мұғалімін жоғарыдағы сурет таңқалдырады. Суретте әкенің қолы және аузы салынбаған екен. Оның мәнісін түсінбеген мұғалім суретті салған кішкене Махамбеттен:
- Суретте әкеңнің екі қолы мен аузын салмапсың ғой, Махамбет? Неге? - деп сұрайды.
Махамбет:
- Анамды ұрмасын, оны балағаттамасын деп, әдейі салмадым! - деп жауап берген екен. (Болған оқиға)
Ашынған әйел, қор болған бала, осы қоғамның трагедиясы.