Құран оқығаннан рақат сезімге бөлену үшін:
Біріншіден, Құранмен қарым-қатынасыңыз тығыз болуы тиіс. Құранмен араңыздағы байланысты үзбеу керек. Үзілген жағдайда суып кетесіз. Ол үшін күніне ең кемі Құранның бір бетін міндетті түрде оқып тұрыңыз. Күніне бір бет оқуды өзіңізге дағдыға айналдырсаңыз, оныңыз уақыт өте келе көбейе түседі: 2 бет, 3 бет, 4 бет, 5 бет ... .
Екіншіден, Құранды пікірлеп оқыңыз. Күніне бір бет болса да пікірлеп, ой жүгіртіп, әрбір аятын ұғына отырып оқыңыз. Зуылдатып оқып шығудан пайда аз. "Мен не аламын осы аяттан? Қандай тәлім үйрене аламын?" - деп оқығанда ғана пайдалы болады. Дауыстап оқу шарт емес. Іштей бейне бір хат оқып жатқандай, Жаратушыңыздың сізге жолдаған жазбасы, хаты ретінде оқыңыз.
Мысалы, сізге арнайы бір хат келген болса, оны қалай мұқият оқитын едіңіз?! Тіпті, бүкіл ойыңызды сол хатқа шоғырландыруыңыз үшін қабағыңызды да түйіп аласыз. Әлдебіреу сөйлеп қалса, оны тыныштандырып тастайсыз. Міне, Құранды да солай мұқият оқыңыз. Сонда аяттардың арасынан "МАРЖАНДАР" ЖЫЛТ-ЖЫЛТ етіп жылтылдап көзіңізге көріне бастайды. Сол сәттердегі сезген рухани рақаттықтың дәмі көпке дейін кетпей жүреді. Көңіліңіз үнемі Құранға қарай тартып тұратын болады...
БҰДАН БАСҚА ҚОСЫМША КЕҢЕС АЙТАМ ДЕУШІЛЕРГЕ: МАРХАБАТ!!! ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ ЖАЗЫП, КЕҢЕСТЕРІҢІЗБЕН БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗДАР!
Алламен тілдескендей ғажайып сезімді басымнан кешірдім.
Осылай біз сияқты адасқан пенделерге жол көрсетіп отырсаңыздар екен.