Оразаға 1 кеңес: Тілді тыю
Оразаға 1 кеңес: Тілді тыю

 

عن أبي هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:"من لم يدع قول الزور والعمل به، فليس لله حاجة في أن يدع طعامه وشرابه" (رواه البخاري) .

"Кімде-кім оразада жаман сөз айтудан жəне жаман, надандық іс істеуден тыйылмаса, Алла Тағала оның ішіп-жеуден тыйылуына мұқтаж емес". 
(Имам Бұхари риуаят еткен). 

-----------------------------------
Ораза ұстаудағы мақсат тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, тілімізді боғауыз сөз айтудан, ғайбаттан, біреуге тіл тигізуден, ұрыс-керістен т.б. осы сияқты жаман, əбес қылықтардан да тыйылу болып табылады.

Егер ораза ұстап, бірақ аузымыздан ақ ит кіріп, қара ит шығып жатса, үйде болсын, түзде болсын ұрыс іздеп тұрсақ, біреуді өсектесек, онда күні бойы аш жүргеніміз бекерге кетпек.

Ауыз берік кезде боғауыз айтқан кісінің қағида бойынша оразасы бұзылмайды. Өйткені, бұлар оразаны бұзатын себептер қатарынан емес. Бірақ, ұстаған оразасының сауабы кемиді. Тіпті, немқұрайлық танытқаны үшін оразасы қабыл болмауы да ғажап емес.

Ендеше ораза тек құлқынды тізгіндеу ғана емес, жүріс-тұрысымызды да ретке келтіру жолы екен...
#оразаға1кеңес

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
6 лет назад 6346
0 комментариев
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296