Бірде банк тонауға барған ұрылардың бірі банктің ішіне кіріп келіп, былай деп айқайлайды:
«Қозғалмаңыздар. Ақша мемлекеттікі. Өмір өзіңіздікі!» Барлығы тынышталып қалады. Бұл – «адамның ойлау жүйесін өзгерту (немесе ойлау бағытын өзгерту)» деп аталады.
Үстелдің үстінде жатқан әйелге ұры: «Мәдениетті болыңызшы, бұл зорлау емес, ұрлық!» - деп бақырады. Бұны «кәсіби болу» деп атайды. Өз ісіңізді ғана істеу.
Банк тонаушылар үйлеріне қайтқанда кіші ұры (стажер) үлкен ұрыдан (6 жылдық тәжірибесі бар адам): «Аға, қанша ақша алғанымызды есептейік та?» - дейді. Оған үлкен ұры ашулы түрмен: «Сен ақымақсың. Ақшаны санау үшін бізге көп уақыт керек. Бүгін теледидардан оңсызда қанша ақша ұрлағанымызды айтады» дейді. Бұл «тәжірибе» деп аталады. Қазіргі кезде қағаздағы жазулардан гөрі, тәжірибе маңыздырақ.
Тонаушылар кеткен соң банк менеджері басшысын құлағдар етіп, дереу полицияға xабарлауды сұрайды. Бірақ, банк басшысы оған: «Тоқтаңыз. Банктен өзіміз үшін 10 млн доллар алып, оны бұрын иеленіп алған 70 млн долларға қосайық» - дейді. Бұл «ағыспен бірге жүзу» деп аталады. Яғни, жағымсыз жайтты өзіңе пайдалану.
Басшы «әр ай сайын ұрлық болып тұрса ғой» деп тілейді. Бұл – «Жеке бас бақыты - жалықтыратын жұмыстан маңыздырақ» деп аталады екен.
Келесі күні жаңалықтардан банктен 100 млн доллар ұрланғандығы туралы xабарланады. Ұрлықшылар мұнша сома ұрлағандарына сенбей, қайта-қайта ақшаларын есептейді, бірақ, олар 20 млн доллар ғана ұрлаған. Ұрылар қатты ашуланып: «Біз 20 млн доллар үшін өмірімізді қатерге тіктік пе?!» - дейді.
Банк менеджері 80 млн долларды саусағының ұшын қимылдатпай алып алды. Сондықтан, ұры болғаннан гөрі, білімді болған дұрыс. Бұл «білімнің құны алтынмен бірдей» деген сөз.
Банк менеджері бақытты еді. Өйткені, оның шығындары осы ұрылар арқылы жабылып кетті. Бұл «мүмкіндікті пайдалану» деп аталады.
Сонымен, бұл жерде шын ұры кім?
Ағылшын тілінен аударған Балнұр Қожагелді ©
[Б.Қожагелдінің FB-парақшасынан]