Жүргенмен дана кейпінде...

 

 

Жүргенмен дана кейпінде,
Адасып əлі келесің,
Ассаламуғалейкумге,
Сəлем деп жауап бересің.

Намазхан жанды тілдейсің,
Тыйылар əсте кезің жоқ.
Бір ауыз аят білмейсің,
Дін жайлы бірақ сөзің көп.

Той болса төрге шығасың,
Асыңды жейсің таңдаған.
Мешітке жақын тұрасың,
Алыссың бірақ Алладан.

Анекдот айтса сандырақ,
Тыңдайсың мəз боп күлісіп.
Уағыз айтылса ал бірақ,
Қарайсың шекең тырысып.

Күмəнмен қарап келесің,
Алладан түскен хаттарға.
Имандай бірақ сенесің,
Газеттер жазған ақпарға.

Тəубе қылатын шамаң бар,
Бұйырсын Хақтың жұмағы.
Сен жек көретін адамдар,
Сен үшін дұға қылады.

©Жандарбек Бұлғақов

Телеграм каналыма жазылам десеңіз: t.me/abdusamatkasim

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
7 лет назад 4352
0 комментариев
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296