АРАБ "БАҚ" КӨЗДЕРІ БҮЙ ДЕЙДІ! (соңғы жағдайға байланысты)
АРАБ "БАҚ" КӨЗДЕРІ БҮЙ ДЕЙДІ! (соңғы жағдайға байланысты)

Елімізде орын алған жағдайға байланысты жазылған араб ақпарат көздеріне шолу жасаған едім, сондағы бір ақпарат көзінде жарияланған бір мақала назарға аларлықтай екен. Ондағы жазылған жазбадан үзінділер алып, аударып, сіздермен бөлісейін дедім:

«Сарапшылардың көбі Қазақстандағы болған оқиғаға Американы кінәлап отыр. Олардың тұжырымынша Американың көздегені Ресей шегараларында дағдарыс тудыру, сол мақсатта, кезінде Украинада, Грузияда, Беларуссияда, Әзірбайжанда да мұндай жағдай орын алған тұғын. Шегарасы Ресей шегарасымен 7500 километрге дейінгі аумаққа созылып жатқан Қазақстан еліндегі соңғы жағдай да, сол саясаттың көрінісі (яғни, Ресей шагарасында дағдарыс тудыру) дейді сарапшылар»... 

Ең назар аударатын тұсы мына мәлімдеме:

«Аталмыш сарапшылардың айтысына қарағанда, Америка Қазақстанда хаос тудыру арқылы бір таспен екі құсты ұрмақшы болды (қазақша айтқанда - бір оқпен екі қоян):

    • Біріншісі – Қытайдың Қазақстан арқылы Еуропаға қарай өтетін ең қысқа құрлық жолының алдын кесу (яғни, ең қысқа жол Қазақстан-ауд). 
    • Екіншісі – Ресейді бұл елге (Қазақстанға) әскер кіргізуге итермелеу, осылайша өз батпағына батыру. Құдды Ауғаныстанда жасағаны сияқты. (Батпақ деп, астарлы түрде айтып жатыр)»...

Және мына жағдайды да айтпай кетпеген:

«Дегенмен, Қазақстанда орын алған жағдайдың себебін тек сыртқы факторлармен (немесе күштермен) ғана байланыстырып, ал халықты көтеріліске шығуға итермелеген елдегі экономикалық жағдайдың қиындауын назарға ілмеу аңқаулық болады. Бұнымен қоса, аталмыш елдегі орын алған жаппай бейберекетсіздік пен зорлық-зомбылықтың, тонау мен өртеудің артында сыртқы элементтердің де тұрғанын назарға ілмей кету аңқаулық болады...» - делінген әлгі мақалада.

Меніңше соңғы оқыған сараптамалардың ең объективтісі деп есептеймін. Сіздермен бөлісе отырайын дедім. Одан арғысын өздеріңіз топшылай беріңіздер.

#деймінда #бүлік #көтеріліс #Қазақстан #абдусаматқасым

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
3 года назад 3399
0 комментариев
О блоге
0
1466338 349 725 19451 296