Қолсыз және ауызсыз әке!

Отбасы мүшелерінің суретін салып келіңдер деп тапсырма берген бастауыш сынып мұғалімін жоғарыдағы сурет таңқалдырады. Суретте әкенің қолы және аузы салынбаған екен. Оның мәнісін түсінбеген мұғалім суретті салған кішкене Махамбеттен:

- Суретте әкеңнің екі қолы мен аузын салмапсың ғой, Махамбет? Неге? - деп сұрайды.
Махамбет:
- Анамды ұрмасын, оны балағаттамасын деп, әдейі салмадым! - деп жауап берген екен. (Болған оқиға)

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
10 жыл бұрын 8028
12 пікір
  • Қоғамдағы қайталанған проблемаларға бала ойының тапқан тәсілі, анасына деген риясыз маxаббаты
    10 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасыз, баланың көкейіне қазып тұрып орныққан ой, жүрегіне тікендей қадалған мұң.
    10 жыл бұрын
  • bake
    Балалы үйдің ұрлығы жатпас деген... Мағыналы оқиға екен! Ағасы, келесі жолы "болған нәрсе" дегеннен гөрі, "болған оқиға" деп жазсаңыз, мағынасы толық ашылар ма еді?! Анығы Аллаға мәлім!
    10 жыл бұрын
  • Рахмет, өзгертіп қойдым.
    10 жыл бұрын
    • bake
      Оқасы жоқ! Байқап қалған соң ескертіп жатқаным ғой... Біреуді түзеймін деген ниеттің өзі түзелсін (өзімді айтамын)... Бастысы жариялаған болған оқиғаңыз пендеге ой саларлықтай екен... Алла разы болсын!
      10 жыл бұрын
  • Әмин. Баршамыздан. Түзегенде тұрған ештеме жоқ, қайта түземеген жаман.
    10 жыл бұрын
  • Машалла! Ақылы көп бала екен.
    10 жыл бұрын
    • bake
      Әй, Нұреке айтасыз-ау))) Бауырыңыз сол ақылы көптігінен ғой, өз басын өзі алып жүре алмай жүргендігі... Айтпақшы, ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді демекші, кеш те болса жағдайыңызды сұрап қояйын, қалайсыз?
      10 жыл бұрын
  • Улкен адамдардын кормегенин бала коретини, олардын сезбегенин бала сезетини гылыми тургыда баягыда далелденген. Сондыктан мына баланын тапкырлыгы мажбурликтен, шарасыздыктан туындап отыр. Сондыктан балалардын алдында абай болайык.
    10 жыл бұрын
  • Ондай әкеде жүрек жоқ. Жүрек жоқ жерде мәмілеге келу де бекер. Өз баласын сыртқа теуіп кететін әкелер де бар.
    Ашынған әйел, қор болған бала, осы қоғамның трагедиясы.
    10 жыл бұрын
  • Осыған ұқсас болған оқиға, бір жүргіш əке, өмір бойы ұрыс-керіс. Күндер өте баласы үйленеді, бірақ, үйге қонбайды, жас келін жүзі сынық, жылаулы. Əке бəрін байқап, көріп жүреді, бірақ баласымен сөйлесуге бет жоқ, амал жоқ, баласымен сөйлесуге бекінеді. Бала салғаннан əке, мен бəрін түсінемін, мен əдейі үйге қонбай, достарымның үйіне қонып жүрмін, нанбасаң сұра себебі, ертең келінің естіп, əкең сондай екен десе не деймін, не бəрін қоясыз да жақсы жанұя болып тұрамыз, болмаса,мен үйге бармаймын, тоз- тоз болып кетеміз деп, əкесін тиған екен.
    10 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасыздар. Бірақ кейде "отанасынан" да кінә бар ма деп қаламын. Алайда, қандай болғанда да "аузы мұрнын бет қылардай" күнә істемес болар, бірден қол ала жүгіру дұрыс болмайды. Отанасы "СИГНАЛ" бере бастағанда бірден жұдырық, шапалақ ала жүгірмей, байыппен, оның шайтанын қоздырып тұрған не себеп соны анықтауға тырысқан жақсы. Рас кейде тым шеттен шығып кететін "отаналар" бар. Мұндай кезде Жаратушы Иеміздің ер кісілерге көрсеткен тәсілін қолдануымыз керек. Ол кезегімен төмендегінше: 1. Байыппен насихат айтып, санасына сәуле түсіруге тырысу; 2. Насихатқа көнбесе, "вниманиядан" махрум ету. Дәлірек айтқанда "бөлек жату". 3. Оған да көнбей тым астамшылық танытып жатса, сүйегіне батырмай, (беттен ұрмай), боспалап қою үшінші жол.
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296