Қалай Құран оқығаннан рақат аламын?
Қалай Құран оқығаннан рақат аламын?

Құран оқығаннан рақат сезімге бөлену үшін: 

Біріншіден, Құранмен қарым-қатынасыңыз тығыз болуы тиіс. Құранмен араңыздағы байланысты үзбеу керек. Үзілген жағдайда суып кетесіз. Ол үшін күніне ең кемі Құранның бір бетін міндетті түрде оқып тұрыңыз. Күніне бір бет оқуды өзіңізге дағдыға айналдырсаңыз, оныңыз уақыт өте келе көбейе түседі: 2 бет, 3 бет, 4 бет, 5 бет ... . 

Екіншіден, Құранды пікірлеп оқыңыз. Күніне бір бет болса да пікірлеп, ой жүгіртіп, әрбір аятын ұғына отырып оқыңыз. Зуылдатып оқып шығудан пайда аз. "Мен не аламын осы аяттан? Қандай тәлім үйрене аламын?" - деп оқығанда ғана пайдалы болады. Дауыстап оқу шарт емес. Іштей бейне бір хат оқып жатқандай, Жаратушыңыздың сізге жолдаған жазбасы, хаты ретінде оқыңыз.

Мысалы, сізге арнайы бір хат келген болса, оны қалай мұқият оқитын едіңіз?! Тіпті, бүкіл ойыңызды сол хатқа шоғырландыруыңыз үшін қабағыңызды да түйіп аласыз. Әлдебіреу сөйлеп қалса, оны тыныштандырып тастайсыз. Міне, Құранды да солай мұқият оқыңыз. Сонда аяттардың арасынан "МАРЖАНДАР" ЖЫЛТ-ЖЫЛТ етіп жылтылдап көзіңізге көріне бастайды. Сол сәттердегі сезген рухани рақаттықтың дәмі көпке дейін кетпей жүреді. Көңіліңіз үнемі Құранға қарай тартып тұратын болады...

БҰДАН БАСҚА ҚОСЫМША КЕҢЕС АЙТАМ ДЕУШІЛЕРГЕ: МАРХАБАТ!!! ӨЗ ПІКІРЛЕРІҢІЗДІ ЖАЗЫП, КЕҢЕСТЕРІҢІЗБЕН БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗДАР!

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 жыл бұрын 7202
11 пікір
  • Тамаша кеңестер екен!
    9 жыл бұрын
  • Рахмет. Жақсы кеңестер екен.
    9 жыл бұрын
  • Ораза айында алғаш Құранның қазақша нұсқасын алып оқығанымда Алламен тілдемкендей керемет сезімде болған едім. Еріксіз келген көз жасыма ерік беріп бір жеңілдеп қалып едім. Сол сезімді қайтадан сезіне алмай жүрмін.
    9 жыл бұрын
  • Күнде оқи берсең шыныменде күнде оқығын келіп тұрады, менде сондай талпыну болады оқуға деген. Кішкентайымда оқып бірақ түсінбеген едім ал қазір түсінетін болдым. Аяттарда "Алла ерекше мейрімді", Алла білуші, көруші" , деген сөздер көп қайталанады және сол сөздерді жаттап та аласың.
    9 жыл бұрын
  • Міне, Құранды да солай мұқият оқыңыз. Сонда аяттардың арасынан "МАРЖАНДАР" ЖЫЛТ-ЖЫЛТ етіп жылтылдап көзіңізге көріне бастайды. Сол сәттердегі сезген рухани рақаттықтың дәмі көпке дейін кетпей жүреді. Көңіліңіз үнемі Құранға қарай тартып тұратын болады...
    9 жыл бұрын
    • Рахмет. Осы жазбаларды оқып сөреде тұрған Құранды қолыма алып аяттарды сіз кеңес бергендей оқып, рухани рахат алып отырмын. Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
      Алламен тілдескендей ғажайып сезімді басымнан кешірдім.
      Осылай біз сияқты адасқан пенделерге жол көрсетіп отырсаңыздар екен.
      9 жыл бұрын
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296