Бірде бір журналист қыз хабарласып, менен сұхбат алатын болып келістік. 2 күн өткен соң, әлгі журналист ұялы телефоныма: «Aga, kanwada joligamiz?», - деп хат жазды. Жолдастарымнан сұрасам, олар «Канва» деген кафе бар деді. Кафені тауып, барып күтіп тұрдым. Қыз ғой, кешігіп жатқан болар дедім. «Келетін шығармен» біраз уақыт болды. Сосын шыдамым таусылды, өзім телефонына хабарластым да: "Әй, қарындасым ау, келсейші ертерек. Мен сені күтіп тұрмын ғой" десем, ол: «Ой аға, келем деп неге айтпайсыз? Қайда тұрсыз?», - деп өзіме сұрақ қойып тұр. Сосын шыдай алмай: «Айтпағаны қалай? Канваға келдім ғой, өзің ғой Канваға кел деген, мен енді келіп тұрмын десем. Ол маған: «Аға, қайдағы Канва? Мен сізге "қаншада" деп жазғанмын дейді. Түк түсінбей хатты қайта ашып қарасам «Aga, kanwada joligamiz» деп жазып жіберіпті. Сөйтсем, менің В (W АҒЫЛШЫННЫҢ ДАБЛ-Ю ӘРІПІ) деп оқып жүрген әріпім қазақша «ш» болып оқылады екен.)))
Қызықты студия.