Кешкісін мешіттің алдында болған оқиға
Кешкісін мешіттің алдында болған оқиға

"Кеше кешкісін мешіттен шығып келе жатып, мына оқиғаның куәгері болдым. Жас шамасы 60-тардағы ер адам, көлігін артқа жүргізіп жатып, байқаусызда, авто-тұрақта тұрған қымбат шет-елдік көлікті соғып алды. Дабыл-қаққыш іске қосылды. Көліктің иесі жақын маңда жүрген болуы керек, лезде оқиға орнына келіп жетті. Тіпті, көлікті соққан кісі көліктен шығып та үлгермеген еді. Соғылған көліктің иесі, келе салып әлгі кісіге:
— Ас-саляму алейкум аға, — деп қолын алды да, — Жағдайыңыз қалай? Жарақат алмадыңыз ба? — деп сөзін жалғады. Әлгі кісі түк түсінбей, таңырқай қарап:
— Көліктің иесі кім? — деп сұрады. Ал көліктің иесі жылы қабақ танытқан жігіт екенін білген сәтте, кешірім сұрай бастады. Ал жігіт болса, көлігінің соғылған жерінен 1-2 рет ұрғылап қойып:
— О не дегеніңіз аға? Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз. Жолыңыз болсын, — деді де көлігіне отырып кете барды.

Мұндай кісілердің жер бетінде өмір сүріп жатқандығына Аллаға шүкіршілік айтып, олардан көп үлгі алу керек екен деп, ол жігітке екі дүниенің бақытын тіледім."

Еркежан Тұрсынбаева
www.facebook.com 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 жыл бұрын 49812
5 пікір
  • бұл жолы да адамзаттың алға басуының жарқын үлгісін көргендей болдым
    9 жыл бұрын
  • Барлығымыз да осылай сабыр таныта білсек, өміріміз жеңілдей түсер еді.
    9 жыл бұрын
  • Қазіргі заманда ондай адам кездестіру өте қиын
    9 жыл бұрын
    • Ия өте қиын. Әркім өзін осылай ұстауға тырысса, біршама алға жылжитын едік.
      9 жыл бұрын
  • Мен Берлинде супермаркетте бір ғана су алып кезекте тұрғанда бір әжей мені өткізіп жіберді, мен күте тұрам дегеніме қарамай. Сонда таң қалғаным мен үлкенмін, жастар күте тұрсын деп кеудесін керіп тұрған жоқ.
    Сол кезде өзім ұялып қалдым, себебі өзім үлкенге жол берем, бірақ кішілерге жол беруді ойламайды екенмін.
    Ұлық болсаң, кішік бол деген осы екен ғой.
    9 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасыз, көбіне үлкендерге деген құрмет көп насихатталады. Ал кішіге ізетті аздау айтылады.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296