Кеше (11.11.2015 ж.) түнгі сағат 4:00-де болған оқиға...
Кеше (11.11.2015 ж.) түнгі сағат 4:00-де болған оқиға...

Кеше (11.11.2015 ж.) түнгі сағат 4:00-де жақын арадағы үйінен шығып такси тақтатып тұрған аялдамадағы (қ.Алматы, Розыбакиев к., Мегаға қарама-қарсы) жалғыз әйелге Нұрмұқанбетовтың (1981 ж.) көзі түседі. Әйелдің қасына жақындап, оны арақ ішуге үйіне шақырады. Әйел келіспегеннен соң, оны Нұрмұқанбетов жұдырықпен бетінен екі рет ұрып құлатып, жақын арадағы өзінің жер үйіне (250 метр) апару мақсатында, әйелдің шашынан ұстап сүйрей бастайды.

Осы оқиғадан 15 минуттан соң, күндегі режим бойынша таңғы жаттығумен айналысып Тұңғыш Президент паркіне қарай жүгіріп бара жатқан едім. Жол жақтан айқайлаған дауыстар естілді. Қарасам Мегаға қарама–қарсы жол шетінен төбелесіп жатқан екі адамды байқадым. Сол жерден «Помогите!»- деп айқайлаған әйел дауысын естідім. Айнала қараңғы, олардың не істеп жатқаны белгісіз болатын. Тез арада 102-ге телефон шалып, полиция келуін күтпей әйелге көмектесуге аттандым. Бір қызығы жақын арадағы ғимарат күзетшілері сырттан тек бақылап тұрды. Барғанымда жалғыз, қорғансыз әйел жатып алып, жерге қағылған темірді мықтап ұстап алған, оны ер кісі әйелдің қолын босату мақсатында үстінен басып алыпты. Әйел менен «помогите пожалуйста»,- деп көмек сұрады. Мен, әлгі әйелге күш көрсетіп 4 метр жердегі үйіне алып бара жатқан, ер кісіге әйелді босатуын бұйырдым. Ол әйелді босатып, оның заңды некедегі жұбайы екенін айтып, менің араласпауымды сұрады, әрине өтірік айтқан болатын. Әйел жолға қарай қашып кетті. Бұзақы ер кісімен арамызда төбелес басталды. Сол кезде жолдан полиция машинасын көріп бұзақы ер кісіні машинаға алып бардым. Сол жерде маған, жәбір көрген әйел алғыс айтып, не болғанын баяндап берді, мен 10 минутқа кешікенімде өзінің тірі қалмайтындығын айтты. Осы жерден өткен бір кісінің көмекке келмей, өтіп кеткенінде жеткізді. Әйелдің түрі, киімі өте аянышты күйде болатын. Оған дейін мен әйелді үй-күйсіз жүрген(бомжиха) біреу деп ойласам, қателескен екенмін, бұл күйге оны бұзақы ер кісі салған екен.

Бізді (қылмыскерді, жәбірленуші әйелді, мені) полиция Бостандық ауданы РУВДға алып келді. Онда қылмыскер Нұрмұқанбетовтың денсаулық жағдайына байланысты психикалық тіркеуде тұратыны белгілі болды. Осыны негізге алып учасковый лейтинант Кенжебеков болған оқиғадан қатты қорқып қалған әйелге қысым көрсетіп, мұндай істің сотта қаралмайтынын айтып, арыз жазбауын сұрады. Әйел төменгі дауыспен: «Бүгін мені зорлап, өлтірмекші болды, ертең сенің әйел-қарындастарыңа солай жасаса не істер едің»,- деп жауап берді. Арадан 2 сағат өткеннен кейін ғана тергеуші Ахметовтың кабинетіне барып, арыз жазуға болатынын жәбірленуші әйелге айтты. Ол кезде мен үйге кеткен болатынмын.Сағат таңғы 9да жәбірленуші әйелге хабарласып, денсаулық жағдайын сұрадым. Ол өзінің үйінде қатты ауырып жатқынын, тергеушінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Мен Астана қаласында университетті аяқтап, Алматыға келгеніме бір ай ғана болды. Соңғы 15 күн ішінде екі рет осындай жағдай болды. Өткен айдың соңғы күндерінде (26.10.2015 ж.) сағат кешкі 22:00де №17 емханаға бір шаруамен баржатқанмын. Жолда бір ер кісі әйелді соққыға жығып қуалап жүр екен. Әйел болса жанын аман сақтап қалу үшін Гагарин көшесін бірнеше рет кесіп өтті. Автокөліктер қатты жылдамдықпен келіп, әйелді және оның артынан қалмай куып жүрген ер кісіні өлтіре жаздады. Мен алдымен 102-ге хабарлап, өзін әйелдің күйеуімін деп таныстырған қарақшының қарсылығына қарамастан, әйелді таксиге отырғызып жібердім. Полицияға хабарласып барлығының жақсы аяқталғанын жеткіздім. Бірақ олар қылмыскерді жібермей, оларға тапсыруымды өтінді. Американский кинодағыдай жолаушы тасымалдайтын газельмен барлығы жақсы аяқталғаннан соң 30 минуттан кейін бастырып келді. Жолдағы жолаушылар кино түсіріп жатқан шығар деп ойлағанда болар. Бұзақыны оларға тапсырып, өзім асығып шаруаммен кете бардым. Осы жағдай қайталанған соң бұған бей-жай қарай алмадым. Біздің қазақ менталитетіне некедегі әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету сіңіп қалған. Мен өз заңды некедегі әйелімді ұрып жатырмын десе кете барамыз, "Ерлі-зайыпты арасына есі кеткен түседі",- деп ұрандатып. Қаламызда бүгін басқа біреу зорлық көргенімен, ертең кезек біздің жақсы көретін адамдарымызға келмеуіне кім кепілдік береді. Осы болып өткен жағдайларға байланысты сіздерге, әйелдер мен қыздарға, түнгі уақытта қалада жалғыз жүру өте қауіпті екенін естеріңізге саламын. Жанымызда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайық, ағайын!

Бағлан Зиябек
www.facebook.com парақшасынан

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 жыл бұрын 72175
8 пікір
  • Көшедегі жағдайға бей-жай қарамаған бауырымызға Алла разы болсын!
    9 жыл бұрын
  • "Мешіт көбейіп кетті! Енді қайттік?" деп байбаламдап жүргендерге ой салар ма еді бұл жағдай. Оқиғаларды баяндағын жанашыр бауырымызды Алла қайғы-қасіреттен сақтасын!
    9 жыл бұрын
  • Шындығында бұндай оқиғалар ер азаматтың еркектігіне сын сəттер болып табылады. Бағлан бауырымыз бір емес, екі мəрте ол сынақтан сүрінбей өтіп отыр. Иманды əрі батыр жігіттер көбейе берсін!
    9 жыл бұрын
  • Алла жар болсын!
    9 жыл бұрын
  • Мен сіздерді қоғамдағы бұл өткір мәселені қызу талқылап, маған мұндай шексіз алғыс жаудыруларыңызды күтпедім. Оқиға болған күні, осы мәліметті ел мәселесі қызу талқыланып жүрген фейсбуктағы топтарға орналастырдым. Сіздердің баршаңызға маған жазған жеке хаттарыңызға, жеке пікірлеріңізге алғысым шексіз. Сіздерге Алланың нұры жаусын. Бүгін таңертең сол оқиға болған тастанды үйді видеоға түсірдім. Қазір сол видеоны әлеуметтік желіге орналастыру әрекетін жасап отырмын. Жүктелу жақсы аяқталса, кешкі сағат 19:00 шамасында сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Видеоға сілтемені менің фейсбуктағы жеке парақшамнан аласыздар. Видеоны көріп, отбасыңызға қалада сақ жүру керектігін ескертіңіз. Қаракөз қарындастарымыздың бақыты үшін үй-күйсіз, жауыз адамдар мекен еткен тастанды үйді бұзуға қалалық әкімшілікке хат жолдайық!!! (https://www.facebook.com/baglan.ziyabekov)
    9 жыл бұрын
    • АЛЛА разы болсын сізге, бауырым. Айналада болып жатқан келеңсіздіктерді елемеу қоғам дерттерінің біріне айналған заман болды ғой... Сіздің іс-әрекетіңіз баршамызға үлгі болғай...
      9 жыл бұрын
  • Кеше (11.11.2015 ж.) түнгі сағат 4:00-де жақын арадағы үйінен шығып такси "тақтатып" тұрған аялдамадағы.
    Өтініш, қатесіз жазасыздар ма?!
    7 жыл бұрын
  • 10 минутқа "кешікенімде".
    №17 емханаға бір шаруамен "баржатқанмын".
    7 жыл бұрын
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296