Жәләлуддин ар-Руми. Сопылықтың мақсаты

 

Бір кісі Мәуләнә Жәләлуддин ар-Румиден сопылық жолындағы ұстазы жайында былай деп сұрайды:
- Сіз ұстаздардың ұстазы болатұра неге мына дәруішке шәкірт болдыңыз? Шәмсі Тәбризиден не үйренуге болады сонша? 
Сонда Мәуләнә: 
-Е, одан өмірлікке жетер бір нәрсе үйрендім. Шәмсіні кездестірместен бұрын ашыға қалсам бір табақ сорпа ішетінмін, соған қарным тоятын. Денем мұздап тоңа қалсам ошаққа бір шама шырпы жағатынмын, соған денем жылып қоя беретін. Ал, қазір дүниедегі бар сорпаны ішсем де тоймаймын. Неге десең, әлемде аш жүргендер көп. Әлемдегі бар отынды жақсам да тоңған денем жылымайды. Неге десең, әлемде жаурап жүргендер көп!",- деп жауап берген екен.

(Шәмсуддин Мұхаммед ибн Әли әт-Тәбризи (1185-1248) - М.Ж. ар-Румидің рухани әлеміндегі үлкен өзгерістерді туғызған сопылық жолындағы ұстазы. Ирандық. Ұлты әзербайжан). 
Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 жыл бұрын 4738
0 пікір
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296