Халық пен банк арасындағы айтыс (сатира)
Халық пен банк арасындағы айтыс (сатира)

Халық:

Банкым-ау, отыр сені танып ғалам,

Мен сенің тұтынушың халық болам.

Бергенің несие ме, несібе ме?

Осыны түсіндірші банк маған.

 

Өзіңді жарнамалап, уәде бердің,

Қалтамдағы ақшамнан дәмелендің.

Әрбірінің мойнына қарыз іліп,

Бар қазақтың басына бәле болдың.

 

Банк:

Несием – саған берген көмегім ғой,

Ол кезде банк жаман демедің ғой.

Балаңа той жасаймын деп жүргенде,

Өзіңе көмек берген мен едім ғой.

 

Не деген биік еді патша көңлің,

Банкпен күнкөрісі жақсы әлемнің.

Үй аламын дегенде мына саған,

Тағы да ойланбастан ақша бердім.

 

Мен саған бар көмекті беріп тұрдым,

Сен болсаң шаршамастан келіп тұрдың.

Үй алып алғаннан соң ұялмастан,

Тағы менің ақшама көлік міндің.

 

Айтылып жатқанменен маған сындар,

Менен әлі несие аларсыңдар.

Апыр-ау, түсінбеймін, сендер неткен,

Жақсылықты білмейтін адамсыңдар.

 

Халық:

Несие емес маған сұрай келген,

Несібем артық екен Құдай берген.

Түйме беріп орнына түйе сұрар,

Көмегіңе болайын бұлай берген.

 

Білмеймін, банк саған не дерімді,

Ол рас, сенен алдым керегімді.

Бір теңгені қайтар деп жүз теңге қып,

Желкемнен шығарасың жегенімді.

 

Несиеге той жасап тоясың ғой,

Уақытша қарызыңды жоясың ғой.

Қарызға бір күн бойы қуантқанмен,

Бес-алты жыл қайғыртып қоясың ғой.

 

Өтірік сөз жақсылық қылдық деген,

Үй алып бергеніңді шындық дер ем.

Отыз жыл бар ақшамды саған беріп,

Жарты өмірім өтті ғой құлдықпенен.

 

Жұмыс істемей жер қазып, отын бұзып,

Бір көлік мінесің деп секілді жұрт.

Көліктің рульне емес мына мені

Кеттің ғой тақыр жерге отырғызып.

 

Банк:

Банкке жаба берме сен бәлені.

Ақшаңнан болған жоқпын мен дәмелі.

Қайтара алмай жүрсең қарызыңды,

Банктен несие алып нең бар еді.

 

Халық-ау, маған жапқан ауыр жалаң,

Банк емес, қарыз алған өзің жаман.

Сен менен кінәні іздеп не қыласың,

Осындай болып тұр ғой нарық заман.

 

Халық:

Қарыз болып тұр қазір есімді алған,

Бұл сұмдықты сөз қылдым шошынғаннан.

Іні, аға... туыстар бір-бірімен,

Пышақтасты банкке кепіл болған.

 

Осылай талай пенде сорлаған ғой,

Басына батпан қайғы орнаған ғой.

Өсімді неисеге Хақ тағалам,

Құранда бекер тиым салмаған ғой.

Өсімнің тозаңы елді басады деп,

Хадисте бекер қарсы болмаған ғой.

 

Әттең-ай, халық деген бір бейбақпын,

Айласын бұл банктың білмей қаппын.

Өсімді несие алып ең соңында,

Күнә менен қарызға бірдей баттым.

 

Айтысқан, Сырым мен Таңжарық

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
7 жыл бұрын 4703
0 пікір
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296