Исламда жесір қалған не күйеуімен ажырасқан әйел иддәт мерзімін өткізіп барып қана келесі күйеуге тие алады. Ол мерзімді өткізбей оған басқа күйеуге тұрмысқа шығуға рұқсат жоқ. Бұл жайында Құран Кәрімдегі Бақара сүресінің 234-ші аятында: «Күйеуі дүниеден өткен жесір әйел тек төрт ай он күн өткізіп қана басқа күйеуге тұрмысқа шыға алады», – деп жазылады. Ал егер күйеуінен ажырасқан болса, оған иддәт мерзімі үш етеккір өткенше. Осы секілді күйеуінен ажырасқан бірақ аяғы ауыр әйелге иддәт мерзімі бала дүниеге келгенше болады.
Осы жерде «неге 4 ай 10 күн немесе 3 етеккір мерзімі?» деген сұрақ туады. Мұның хикметі неде? Осы уақытқа дейін бұл мерзімді мұсылмандар арасынан ғылыми тұрғыдан зерттеп, хикметін паш еткен ешкім болмады. Мұның хикметін еврей ұлтынан шыққан америкалық эмбриолог Роберт Гиллхам ашып отыр. Ол күні кеше ғана өзінің жаңалығын Құранның бетінен оқып, Алланың хикметін мойындап, Ислам дінін қабылдады.
Альберт Эйнштейн институтының ғалымы Роберт Гиллхамның зерттеуіне сүйенсек, әйел жыныстық қатынасқа түскен соң оның бойында еркектің хромосамалық «ізі» қалады екен. Ал одан толық айығу үшін Құранда көрсетілгендей мерзім қажет.
Демек, әйел келесі күйеуге шығу үшін бойындағы алдыңғы күйеуінен қалған тектің сарқыншағынан толықтай тазару керек. Сонда ғана ол келесі күйеуге соның баласын туып береді. Әйтпесе, бірінші күйеуінің ұрпағын жалғастырушы болып қала бермек. Бұны ғылымда «телегония» деп те атайды. Бұл жаңалық осыдан 150 жыл бұрын ашылған көрінеді. Ғалымдар жұмысқа шыдамды асыл тұқымды жылқы алу үшін жылқы мен зебраны шағыстырған. Бірақ, будандастыру нәтижесінен туған төлдердің ешқайсынан тектіліктің тұлғасын көрмейді. Сондықтан, бұл тәжірибе ойдағыдай болмай, зерттеу жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Арада біраз жылдар өткен соң, әлгі шағыстырған жылқыдан қара-ала құлындар туыла бастайды. Бірақ, ол кезде жылқының буаз болуына зебраның ешқандай қатысы жоқ еді. Осыдан ғалымдар зербраның «ізі» ұрғашының хромосомасында сақталып қалғанын түсінеді. Кейін мұндай тәжірибелер көгершіндерге де жасалады. Ит өсірушілер де текті иттің қаншығы көшедегі қаңғыған итпен шатысса, одан еш уақытта асыл тұқымды ит тумайтынын біледі.
Осыған ұқсас мысалдар адам өмірінде де кездесіп жатады. Кешегі Кеңес үкіметі кезінде өтіп тұратын халықаралық фестивальдердің «нәтижесі» телегония ғылымын тағы бір айқара еткен еді. Қара нәсілді жігіттермен «көңілдес» болған орыстың қыздары кейін орыс еркектерге тұрмысқа шығып, қап-қара балаларды дүниеге әкелгені де біраз шу болғанын білеміз.
Енді, міне, америкалық ғалым иддәт мерзімінің хикметіне көз жеткізеді. Оның айтуынша, жыныстық қатынастан кейін әйелдің бойында қалған еркектің тегі әр ай сайын 25-30 пайызға тазарып отырады. Осылайша ол Құранда көрсетілген 4 ай 10 күн мерзімде толық тазарып бітеді.
Ғалым бұл зерттеуін АҚШ-тың мұсылманы көп және мұсылманы жоқ екі ауданында жүргізген. Сондағы көз жеткізгені – мұсылмандықта шатағы жоқ әйелдерде әртүрлі еркектік хромосома кездескен.
Роберт Гиллхам өзінің де әйеліне зерттеу жасаған. Сөйтсе, өзінің қойнындағы әйелінен де әр түрлі еркектің үш түрлі хромосомалық «қолтаңбасын» табылған. Яғни, бұл оның күйеуінің көзіне шөп салғанын айғақтайды. Ғалым бұл зерттеуі арқылы үш баласының тек біреуі ғана өзінің биологиялық баласы болған деген қорытындыға келеді.
Міне, Құранның сыры осылайша өзге ғалымдардың зерттеуінен ашылуда. Қайта ақиқатты мойындап, қатарымызға қосылып жатқаны қуантады. Себебі, ақиқатты іздеген ғалымдар үшін періштелердің өзі қанаттарын жайып, мұхиттағы мылқау мақұлыққа дейін дұға қылады емес пе?!.
Салтан СӘКЕН
http://muslim.kz/