Дубай әлемді таңқалдыруынан танар емес. Жуырда бұл шаһарда «Уотер Дискас» теңдессіз су асты қонақ үйінің құрылысы аяқталмақ деп хабарлайды Хабар арнасына сілтеме жасаған Businessnews.kz.
Сымбатты сәулет туындысы сақина тәріздес 2 ғимараттан тұрады. Олардың бірі судың бетіне шығып тұрса, екіншісі теңіз деңгейінен 10 метр төменде орналасады.
Дөңгелек ғимараттар бір-бірімен 5 мұнара және баспалдақтар мен жеделсатыға арналған орталық тік білік арқылы байланысады. Төменгі бөлігінде су астын көруге лайықталып жасалған 21 жайлы бөлме, сүңгү орталығы мен сусын ішетін бөлме бар.
Алайда осындай ерекшелігіне қарамастан, «Уотер Дискас» әлемдегі ең алғашқы суасты қонақ үйі емес. Мальдив аралы мен Флоридада бірнеше жылдан бері осындай отельдер жұмыс істеп тұр. Бірақ олардың көлемі Дубайдағы қонақ үйден шағындау.
Көңіліңізге рахмет!жалпы айтайын дегенім ол жақ арманым емес,одан да маңызды істер бар,мəселен 5ші парызымды өтер ем...