Әйел кісіге айт намазына бару шарт па?
Әйел кісіге айт намазына бару шарт па?
Сәлеметсіз бе! Әйел кісілерге де айт намазына бару шарт па? Марфуға

Сәлеметсіз бе, Марфуға! Ханафи мәзхабы бойынша, жұма намазын оқу парыз емес кісілерге айт намазын оқу да міндет емес. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде:  «Жұма намазы құл, әйел, жас бала және науқастан өзге мұсылмандарға парыз»[1], - деген. Осы хадисте, әйел кісіге жұма намазына барудың парыз емес екендігі ашық айтылып отыр. Демек, айт намазына да нәзік жандардың барулары шарт емес.
Әйтсе де, мешіттерде арнайы әйелдер үшін намаз оқитын жерлер қарастырылған. Сондықтан да, барам деушілерге шариғи тұрғыда ешқандай әбестік жоқ. Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыздың заманында да әйел кісілер айт намазына баратын[2].

[1] Әбу Дауд сүнені.
[2] Сахих Мүслім - №1479 хадис.

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 жыл бұрын 4405
0 пікір
Блог туралы
0
1466338 349 725 19451 296