Үстіне құс қонбайтын мешіт жайында білесіз бе?
Үстіне құс қонбайтын мешіт жайында білесіз бе?

Стамбулдағы Шемси Ахмед-паша атындағы (түр. Şemsi Ahmed Paşa Camii) мешіт. 
Салынғанына 400 жылдан астам уақыт өтсе де мешіттің төбесіне құс қонбайды. Ортағасырларда Стамбул мешіттері үшін тазалық жұмыстарын жүргізіп отыру қиынға соғатын. Əсіресе, құс саңғырықтарынан көз ашпаған мешіттерге мүлде қиын еді. Осыны ескерген Анатолия (Анадолы) жерінің билеушісі Шамси Ахмед-паша атақты архитектор Мимар Синанға күмбезіне құс қонбайтын мешіт салуды өтінді. Архитектурамен қоса түрлі ғылымдарды қатар меңгерген Мимар Синан мешіт салу үшін Босфор жағалауындағы желдердің тоғысатын алаңын таңдап алды. Себебі, қатарласып соққан желдердің тоғысатын жерлерге құстар қона алмайды. Мешіт 1580-81 жылдары граниттен салынды. Кейіннен халық арасында Кушконмаз (түрікшеден аударғанда Kuşkonmaz — құс қонбайтын) деп аталып кетті. Қазіргі күні мешіт өте жақсы сақталған. 1 күмбезі, 1 азан мұнарасы мен медресесі бар. Мешіт Стамбул қаласындағы ғажайып әрі құнды ескерткіштердің бірі ретінде есептеледі. 

Нұрсерік Жолбарыс
www.facebook.com

 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
4 жыл бұрын 5262
4 пікір
  • Ма ша Аллах! Қызық мәлімет екен.
    4 жыл бұрын
  • Стамбулдағы мешіттер саны мені таң қалдырды. Намаз уақыты кіргенде бір-бірімен жарысқан Азан дауысы керемет екен. Бір күн ғана болғандықтан мешіттеріне кіре алмадық.
    Алла қаласа жолым түсіп барып жатсам, мешіттеріне кіріп намаз оқу ниетім.
    4 жыл бұрын
    • Аллаһ ниетіңізге жеткізсін!
      Жан-жақтан бір мезетте бірнеше жерден естілген азан даусына құлақ түрмей, шақырған мешітке бармайтын жандарды көргенде жүрегің ауырады екен бірақ!
      4 жыл бұрын
      • Әмин.
        Ия Стамбул контраст қала екен. Кім не іздейді, соны табады.
        4 жыл бұрын
Блог туралы
0
720613 354 726 19519 296