Тура жолды Пайғамбарымыз (с.а.у.) қалай түсіндірген?
Тура жолды Пайғамбарымыз (с.а.у.) қалай түсіндірген?

"Тура жолды қалай түсінеміз? Ол жолдан ауытқымай, түзу жүру мүмкін бе? Ол үшін бізге не керек?" деген сауалдардың жауабын ардақты Пайғамбарымыздың мына асыл сөзінен іздеп көрелік:

Алла елшісі (с.а.у) былай дейді:

«Алла тағала тура жолдың не екенін мынадай мысал бере отырып түсіндіреді: Тура жол - екі шетінде екі дуал орналасқан жолға ұқсайды. Екі дуалдың әр бірінде бірнеше ашық есіктері бар. Әр есікке желбіреген перде ілінген. Жолдың басында бір ескертуші, ал оның үстіңгі жағында (дуалда) тағы бір ескертуші тұр. Жолдың басындағы ескертуші: «Жолмен тура жүріңдер, қисық кетпеңдер!,-деп ескертіп тұрады. Пенде (екі жақта орналасқан) есіктердің бірін ашқысы келіп ұмтыла бергенде, үстіңгі жақта тұрған ескертуші оған: «Ұйбай-ау, ашпа оны! Аштың бітті, (өзіңді ұстай алмай) кіріп кетесің арықарай», - деп ескертіп отырады». 

Осыдан кейін сүйікті Пайғамбарымыз берілген мысалдарға былай деп түсініктеме береді:
«Мысалдағы жол ол - Ислам. Екі жанындағы ашық есіктер – Алланың тыйым салған нәрселері. Ілінген перделер – Алланың (жақсы мен жаманның арасын белгілеп сызып қойған) шегі. Жолдың бас жағында тұрған ескертушу ол ¬– Құран. Ал оның үстіңгі жағында тұрған ескертуші болса, ол – әр мүминнің жүрегіндегі насихатшысы (періштесі яки ар-ожданы)» 

Ахмәд - №17182 хадис. (Ұнатқан бөліссін)

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
2 жыл бұрын 751
5 пікір
Блог туралы
0
290873 344 710 17922 293