"Тәңіршілдік - Европаның идеологиялық үстемдікке жету күресінің бір тармағы": Сайлау Батыршаұлы
"Тәңіршілдік - Европаның идеологиялық үстемдікке жету күресінің бір тармағы": Сайлау Батыршаұлы

Сайлау Батыршаұлы, экономика ғылымдарының докторы, ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері:

"Тәуелсіздік келгелі сәнге айналған тәңіршілдік идеясын көтеріп, өршітіп отырған да қазақтар емес, бұл да шекараның ар жағынан әдейі ұйымдастырылған арандатушылық, ұлтты бұзушылық. әрекет. Әлемде жүріп жатқан Батыстың иедологиялық үстемдікке жету күресінің бір тармағы осы: түркі халықтарын бұрынғы тәңіршілдік наным-сеніміне шақырып, Исламды арабтың діні деп, іштей іріту.

Осыдан 5 жылдай бұрын Алматыда Орта Азиядағы, Қазақстандағы және Алтайдағы тәңіршілдік тақырыбына арналған үлкен халықаралық конференция өткізілді. Көптеген шетелдерден арнайы қонақтар шақырылып, жоғары деңгейде өткен бұл жиынды кім ұйымдастырды дейсіз ғой? Қазақстандағы Францияның елшілігі! Бар ақшасын төлеп, қонақ үйін дайындап, түгелдей демеушілігін сол жасады. Ал оған тәңіршілдік неге керек бола қалды? Неге соншама қаражатын шашты? Конференцияның бас ұйымдастырушылары – еліміздегі белгілі тәңіршілдер Әуесхан Қодар мен Мұрат Әуезов болды. Кейін бірнеше рет Мұрат Әуезовтың өзімен сөйлесейін деп, кездесуге шақырдым. «Сенің әкең мұсылман, бабаң мұсылман. Енді тәңіршіл болып не көрінді?» деп ашық әңгімеге тартайын десем, кездескісі келмейді.

Ал Ресей Үкіметі, ақпарат құралдары православиені төбесіне көтеріп отыр. Қазір православиенің «Спас» деген телеарнасы бүкіл ТМД аймағына тарап жұмыс істеуде. Бірде кезіндегі Ресей патриархы Алексий II Ресейдің бұрынғы президенті В. Путинді қабылдап тұрып: «Если не было бы православия, тогда не было бы и русского народа, и Российского государства!» дегенін жақсы білесіздер. Сонда сол жерге жиналған орыстың ығай мен сығайлары дінбасының бір сөзіне бас шұлғысты, президент В. Путин оның қолын сүйді. Міне, олардағы діннің рөлі! Мұндай істі басқа елдердің басшылары да ұстанады. Себебі, мемлекеттің тұрақтылығын, тыныштығын және бірлігін нығайтудың негізі — бір дін.
Ал біздегі бұқаралық ақпарат құралдары болса дінді насихаттауға құлықты емес. Айтатын уәждері: «Біз зайырлы мемлекетпіз». Көп адамдар зайырлы мемлекет дегенді дінсіз мемлекет деп түсінеді. Бұл жерде мемлекеттік құрылым ғана зайырлы, яғни елді басқаруға дін араластырылмайды деген сөз. Бірақ, халық зайырлы болмайды! Сондықтан да, мұсылман мемлекеттері, христиан мемлекеттері, т.б. деп аталады".

Дереккөз: Мерей Корбаковтың Фб парақшасынан.

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
4 ай бұрын 1886
0 пікір
Блог туралы
0
664578 354 726 19515 296