Қожанасыр жəне бір кесе алтын
Қожанасыр жəне бір кесе алтын

Бір күні Қожанасырды пəлен ауылға, жұма намазына уағыз айтуға шақырады. Жұма күні шақырған жерге келген Қожанасыр ауыл тұрғындарына: "Бір кесе алтын берсеңдер ғана уағыз айтамын, əйтпесе, айтпаймын"- деп шарт қояды. Амал жоқ, ауыл тұрғындары ортадан ақша шығарып, бір кесе алтын жинап береді. Алтынды алғаннан кейін Қожанасыр терлеп-тепшіп, жақсылап тұрып уағызын айтады. Содан, уағыз бітіп, жұма намазын оқып болған соң Қожанасыр əлгі алған бір кесе алтынды кері қайтарып береді. Оның бұл əрекетін түсінбеген ауыл тұрғындары: 

-Қайтарып береді екенсің, неге алтын сұраттың? - деп сұрайды. Сонда Қожанасыр:

-Біріншіден, қалталарыңнан шығын шығарғандарың үшін уағызды өте мұқият тындадыңдар. Екіншіден, қалтасында алтыны бар адам басқаша сөйлей бастайды" - деп жауап берген екен.))

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
1 жыл бұрын 1945
2 пікір
Блог туралы
0
290873 344 710 17922 293