Пайғамбарымыздың Рукəна есімді палуанмен күресуі...
Пайғамбарымыздың Рукəна есімді палуанмен күресуі...
Пайғамбарымыздың заманында Меккелік Рукəна ибн Абду язид есімді атақты палуан өмір сүрген. Ешкімнен жеңіліп көрмеген оны күндердің бірінде Мұхаммед пайғамбарымыз Меккедегі сай-шатқалдардың бірінде кездестіріп қалады. Əлі мұсылманшылықты қабыл ете қоймаған аталмыш палуанға Алла елшісі: 

- Ей, Рукәнә! Аллаға тақуалық қылып, менің шақырған нәрсемді қабыл еткін келмей ме?", - деп сұрайды. 

- Сенің шақырған нәрсеңнің ақиқат екенін білгенімде, сенің жолыңмен жүрер едім ғой, - дейді Рүкәнә. 

- Егер, мен сенімен күресіп жеңсем, менің айтқанымның ақиқат екендігін қабылдайсың ба? 

- Иә. 

- Олай болса, тұр, сенімен белдесейін, - деп пайғамбарымыз оны күреске шақырады. Содан екеуі белдесе кетеді. Пайғамбарымыз ә дегеннен-ақ оны жерге атып ұрып, тырп еткізбей қояды. 

Бұрын соңды жауырыны жер иіскеп көрмеген палуан сасып: "Ей, Мұхаммед, кел, қайта күресейік" дейді. 

Екеуі қайта күреседі. Алла елшісі тағы атып ұрады. Жеңілгеніне сенгісі келмей үшінші қайтара белдесуге шақырады. Пайғамбарымыз бұл кезде де жеңеді. Сонда əлгі палуан: 

"Уа, Мұхаммед. Аллаға ант етейін, сенің мені жеңуің таңқаларлық нәрсе", - деп, таңданысын жасыра алмай, ең дұрыс деп таңылған риуаятқа қарағанда, осы сəтте тілін кəлимаға келтіріп Ислам дінін қабылдаған екен. 

Кейбір риуаяттар əлгі палуанның осы күрестен соң емес, кейінірек мұсылманшылықты қабыл еткенін байқатады. 

Қайткенде де палуан Рукәнаның Пайғамбардың көзі тірісінде мұсылман болып сахаба атанғандығында дау жоқ. Ол хижри 42 жылы Медине қаласында бақилық болады. Алла одан разы болсын! 

/"әл-Бидая уән-Ниһая", араб тілінен тәржімалап, дайындаған Абдусамат Қасым/
палуан, Сахаба Рукәнә, Пайғамбарымыздың күресі
Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
6 ай бұрын 1750
0 пікір
Блог туралы
0
562617 353 723 19402 295