Ораза айтты қай елге қарап анықтаймыз: Сауд Арабстанға ма, Қазақстанға ма?
Ораза айтты қай елге қарап анықтаймыз:  Сауд Арабстанға ма, Қазақстанға ма?
-----------------------------
Ораза айты - Шəууəл айының көрінуімен анықталады. Оның Елімізде көрінуі ҚМДБ-ның анықтауы бойынша, биылғы жылы маусымның 4-нен, 5-не қараған түніне тұспа-тұс келіп тұр екен (2019 ж). Яғни, 5 маусым - Ораза айт мейрамы деген сөз.
Ендеше, жергілікті мұсылмандар да осыған сүйенулері тиіс. Неге десеңіз?
 
«Сахих Мүслім» атты хадистер жинағында келтірілген риуаятта:
 
Харис қызы Уммуль Фазл, Күрәйб есімді кісіні Сириядағы сахаба Мұғауияға жібереді (Алла олардан разы болсын). Әрі қарай Курәйб былай әңгімелейді: 
 
«Мен Шамға (Сирия) келгенімде, Рамазан айы жұманың түнінде көрінді. Содан Рамазан айының ақырғы күні Мәдинә қаласына келдім. Ол жерде Абдулла ибн Аббас менен:
 
- Сендер Рамазан айын қашан көрдіңдер?», – деп сұрады. 
 
- Біз оны жұма түні көрдік - деп жауап бердім. Сонда Абдулла ибн Аббас:
 
- Сен өзің көрдің бе? - деді. 
 
Мен:
- Иә. Менен басқа да адамдар көрді. Мұғауия да, халық та сол күні ауыздарын бекітті.
 
Ибн Аббас:
- Ал біз оны сенбінің түнінде көрдік. Сондықтан, біз (Шәууәл) айын көрмейінше отыз күнге толтырып ұстайтын боламыз, - деді.
 
Мен:
- Мұғауияның айды көруі және Оның ораза ұстауы бізге дәлел емес пе? - деп сұрағанымда
 
Ибн Аббас: 
- Жоқ. Алла Елшісі солай бұйырды, - деп жауап берді[1].
 
Бұл хадисте Абдулла ибн Аббас Рамазан уақытының басталуы мен аяқталуын Сирия өңірі бойынша емес, өзі тұрып жатқан Мадина қаласы бойынша есептеп тұр.  Ендеше, біздің елдегі мұсылмандар да, еліміздегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының анықтаған уақыты бойынша Рамазанды бастап, сол уақыт бойынша аяқтағандары дұрыс.
 
[1] Муслим: Китабус Сиям – (1087) 28.
#бүгінгіхадис #оразаАйт2019
Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
2 ай бұрын 2640
0 пікір
Блог туралы
0
703049 354 726 19519 296