Имам Ағзам Əбу Ханифа жəне араққұмар жігіт (ғибрат-хикая)

Әзіреті Имам Ағзам Әбу Ханифаның көршілерінің арасында бір араққұмар жас жігіт болыпты. Бұл жігіт азаннан кешке дейін ішімдік ішіп, түнімен боғауыз айтып, айқай-шу шығарып, айналасындағы адамдардың берекесін қашырады екен.

Күндердің бірінде күнделікті үйреншікті айқай-шу, ұрыс-керіс тыйылып, көшеде үнсіздік орнайды. Бұл жәйіт Имам Ағзамды ойландырмай қоймады. Таң атысымен Әбу Ханифа «әлдебір пәлеге дұшар болып қалмадыма екен» деп, жігіт жайында сұрастырса, оның мас болып, біреулермен жаға жыртысқандығын, сол үшін тәртіп сақшылары тарапынан қамауға алынғандығын жолдастары хабардар етеді. Болған жағдайды естіп қайғыланған Әбу Ханифа түрмеге барып, тәртіп сақшыларынан оны босатуларын өтінеді. Алайда, сақшылар тек кепілдікпен ғана босата алатындықтарын айтқаннан соң, Әбу Ханифа жігітке кепіл болып, жігіт бостандыққа шығады...

(Кепіл болу деген, егер келесіде жігіттен оғаш қылық тағы қайталанар болса, Әбу Ханифа да жазаға тартылады деген сөз). 

Әбу Ханифаның ол үшін өз басын қатерге тіккендігін білген жігіт етегі жасқа толып, Ұлық Имамның үйіне барады. Әбу Ханифаның қасында жылап отырып, өкінетіндігін, бұдан былай арақты тастайтындығын, Ұлық Имамға лайықты көрші әрі шәкірт болатындығын айтып кешірім сұрайды. Сонда Имам Ағзам Әбу Ханифа тәубе еткен жігітке мейірім назарымен қарап: 

«Құрметті жігіт, негізінде біз саған зияндық жасадық. Саған және сенің жүрегіңе жол табуға асықпадық. Әсілі, сен бізді кешір», - деген екен...

/"Altınoluk" журналы. Тәржімәлаған: А. Қасым/

(Телеграм каналыма жазылыңыз: t.me/abdusamatkasim  )

Әбу Ханифа, ғибрат-хикая
Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
9 ай бұрын 3119
1 пікір
Блог туралы
0
589207 353 723 19403 295