Хадис: Сүйіктілерімді сағындым!

 

Бір күні пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с.) көзіне жас алады. Оны көрген қасындағы сахабалар:
- Уә Расулалла! Көңіліңді босатқан не нәрсе? - деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз: 
- Сүйктілерімді сағындым, - деп жауап береді.
Сахабалар:
- Біз емес пе едік сіздің сүйікті адамыңыз, уа Алланың елшісі?
Пайғамбарымыз:
- Жоқ, сендер менің досымсыңдар (сахабаларымсыңдар). Менің сүйіктілерім - мені көздерімен көрмесе де маған сенетін кейінгі нәсіл, - деген екен.

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
2 жыл бұрын 651
0 пікір
Блог туралы
0
289722 344 710 17922 293