Ғибрат-хикая: Есек пен шайтан
Ғибрат-хикая: Есек пен шайтан

✔Ғибрат-хикая 

"Бір Есек талда байланып тұрған екен. Шайтан келіп жібін шешіп жібереді. Есек диқаншы көршінің шарбағына кіріп, еккен егісінің піскенін піскендей, шикісін шикідей - бəрін жей бастайды. Диқаншының əйелі егісті жайпап жатқан есекті көріп, мылтықты алады да есекті атып тастайды. Мылтықтың даусын естіген есектің егесі қараса, есегі өліп жатыр екен. Ашуланып ол да диқаншының əйеліне оқ атады. Əйелінің өліп жатқанын көрген диқаншы есектің егесін атып өлтіреді. 
Соңында шайтаннан "Не істедің?" - деп сұрағанда ол: "Ештеңе істеген жоқпын. Тек есекті босатып жібердім, сол ғана." - деп жауап берген екен..."

☝Алынатын ғибрат: Əлдебір мемлекетті жойғың келсе, есектерді бос жібер.

----------------------------------

 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
4 ай бұрын 1337
0 пікір
Блог туралы
0
664578 354 726 19515 296