Естімеген елде көп: 42 жыл бойы оң қолын көтеріп жүрген адам (Фото)

 

Мынау Амар Бхарати Баба деген кісі Үндістанда Нью-Дели қаласында өмір сүреді. 1973 жылдан бері оң қолын бір секундқа төмен түсірмеген. Тек жоғары көтеріп тұрады.  Осылай жүргеніне 42 жыл болыпты. Суретке қарасаңыз, тырнақтары ширатылып, қолы ағаштың бұтағына ұқсап қалған.

Өзінің айтуынша саусақтары жан сезбейді және алақанынан жабысып қалыпты. Сүйектері шіріп, тырнақтары деформацияға ұшыраған.

1970 жылға дейін Бхарати қарапайым жұмысшы болыпты. Жұртпен бірге тұрмыс кешкен. Әйелі мен үш баласы болған. Жеке үйлері, тұрақты жұмысы — былай айтқанда барлығына қол жеткізген.

Sadhu_07

Бірақ, өмірдің мәнін таба алмапты. Үнемі бірнәрсе жетіспей тұратындай көрініпті. Содан қатты ізденіске түсіп, ақыры үнділік Шива құдайына қызмет етуді ойлайды. Бір күнде жұмысын, бала-шағасын, үйін барлығын тастап ғибадатханаға барады. Онда да ұзақ отыра алмай ел кезіп кетеді. Көрінген адамға уағыз айтып, үнділік Шива құдайының қағидаларын түсіндірумен болады. Жұрт оны әулие санап үйіне қонақ етеді, тамақ береді, уағыз-насихатын тыңдайды. Былайша айтқанда, әр үйге бір қонып хан сияқты өмір кешіп жүреді.

Осылайшы 3 жыл уақыт өткізеді. Бхаратидің айтуынша осы 3 жылдың ішінде жаман тәкаппарлыққа ұрыныпты. Өзін әулие сезініп, өзгеге миығымен қарайтын болған. Тіпті құмарлығын да тежей алмапты. Өзінен дауа тілеп келген әйелдерге ойы кетіп, мазасы қашады.  Бір күні оң қолымен бір әйелді құшақтап та алады.

Ақыры, ойлана келе оң қолын жазаламақ болады. Қолын аспанға көтеріп, ешқашан түсірмеуге ант етеді. Содан бері 42 жыл өткен. Бхарати ұйықтаса да, тамақ ішсе де, тіпті дәрет алса да оң қолын түсірмейді. Кейін келе қолы жансызданып, қалыпты жағдайға айналып кетеді.

Екінші біреулердің айтуынша, Бхарати оң қолын Шива құдайына арнаған. Әлемдегі соғысты, қайғы-шерді азайту үшін бір қолын құрбандыққа шалған. Оны көріп көп адам Бхаратидің ізіне ереді. Олар да қолдарын көтеріп, әлемде бейбітшілік пен махаббатты орнатамыз деп ұрандайды. Дегенмен, өз дене мүшесін құрбан ету оңай емес қой. Көбісі идеясынан бас тартқан. Қазіргі кезде Бхаратидің үш қана шәкірті қалған. Біреуіне 30 жыл, біреуіне 18 жыл, біреуіне 12 жыл болыпты қолын көтетеріп келе жатқанына.

Sadhu_04

Алғашқы 5 жыл бойы Бхаратидің қолы қатты ауырған. Жаны көзіне көрінгенде Шиваның есімін қатты айтып айқайлап, есінен танып қалады екен. 7 жылға келгенде ол қолының не бар екенін, не жоқ екенін сезбеген. Ал, соңғы 35 жылда қолының бар екенін мүлде ұмытып кеткен.

Амардың өзі марихуана шеккен қатты жақсы көреді. Кезінде қолы ауырған кезде де, емін марихуанадан тапқан. Оның түсінігінше Шиваға жетудің бір жолы марихуана шегіп, ес-түсінен айрылу. Оның жанында жүрген адамдар да күні бойы тек марихуана шегіп жатады.

Бхарати жайлы Үндістан халқының түсінігі екі жарылған. Бірі оны Шиваның жердегі орынбасары де таниды және құрбандығы таңқаларлық дүние. Ал, енді бірі жарымес қаңғыбас деп біледі. Олар үшін бір қолын көтеріп, нәпсісін қинау нағыз ақымақтық.

Бірақ, кім не айтса оны айтсын, Бхаратиді көруге жер-жерден туристер ағылып келеді екен.

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
2 жыл бұрын 1152
4 пікір
  • Мен де ақымақтық дер едім. Не керегі бар еді өзін қинап?
    2 жыл бұрын
  • Озын осылай исламга арнаганда не болар еды.
    2 жыл бұрын
  • Ойға бірден Фатиха сүресінің мағыналары оралды.
    Алла тағала талдау еркісін берді,қай жолды талдау өзіміздің еркімізде,тек бір Алладан бізді қате жолда емес,қайта дурыс жолда жұрүімізді нәсіп еткей..
    2 жыл бұрын
  • АЛЛАҒА құл болмаған, көрінгенге құл болады!
    М. Исаұлы
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
289722 344 710 17922 293