Біздің елдегі сопылар жайында бірер сөз
Біздің елдегі сопылар жайында бірер сөз

 

Деймін да! 
"Сопы" сөзі, түбін қазбалайтын болсақ "саф", "таза" деген ұғымдарға да келеді десем қателеспеспін (қате болса, түзетіп қоярсыздар). Сопы (саф) дегенде бірінші ойға Пайғамбарымыз ғ.с. келеді. Сосын Әзіреті Əбу Бəкір, Əзіреті Əлілер, Əбу Зəрлар (р.а.) еске түседі. Олардан кейінгі буын Хасан əл-Басри, Əбу Ханифалар (р.а.) еске түседі.

Одан соң Һиндистан аймағындағы (моғолстан) бидғаттармен күресіп өткен, ақида-кəлəм ғұламасы атақты сопы Имам Раббани ойға келеді. "Хүжжəтуль Ислам" - "Исламның дəлелі" атағын алған, философияны меңгеріп Исламға дұшпан философтармен интеллектуалды күрес жүргізген, ақида, фиқһ, усулульфиқһ, этикаға қатысты бағалы еңбектер қалдырған Ғұлама Имам Ғазали еске түседі.

Одан қалаберді "Дүниедегі астың бəрін жесем тоймаймын. Өйткені, аш жүргендер көп. Дүниедегі отынның бəрін жақсам да денем жылымайды. Өйткені, жаурап жүргендер көп.." деген Жəлəлуддин Румимен, 63-нде жер астына кірген, осылайша Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) деген махаббаттың шарықтау шегіне жеткен Қожа Ахмет бабамыз ойға келеді сопы дегенде. Қазірде де Исламның жайылуына күш сарп етіп, Құран мен Сүннетке барын салып қызмет етіп жатқан сопылық жолындағы кісілерді көзіміз көрді.

Бірақ та, молдаларды дұшпан көріп, бір Алла деген намазхандармен керісіп отыратын, о дүниелік боп кеткен мұсылманды жамандап жер-жебіріне жететін, адамның айтпағанын айтты деп жала жауып, қаралайтын, өздеріне жақпағандарды өтірік айыптап, əрібірденсоң боқтап жіберетін, "əруаққа табыну керек" дейтін сопыларды біздің елде ғана көруім. Ардақты Пайғамбарымыз ғ.с.: "Сендерге екі нəрсе тастап бара жатырмын. Сол екеуіне жабыссаңдар адаспайсыңдар - деген. - ол екі нəрсе Құран мен Сүннет"- деген. Сопылық жолы осы екі негізге сүйенеді. Оған теріс келетін сопылық - Исламдағы сопылық емес. Соны ұмытпау керек.
#деймінда 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
2 жыл бұрын 1895
1 пікір
  • Келісем.
    Мен де сопы (суфист, суфизм) дегенде орта ғасырлық поэзиядағы Қожа Ахмет Яссауи бабамызды ойлаушы едім. 63 жастан кейін қылуетке (жер асты құлшылық мекеніне) түсіп, шабытты ойлары мен зікірін өлең жолдарымен тек бір Аллаға арнаған, оның Елшісіне (с.а.с.) салауат айтқан ("Диуани хикмет"/"Даналық кітабы") ақынды, жұмыр басты пендені ғана сопы деуімізге болатын шығар.
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
562617 353 723 19402 295