Аяттан туған ой

"Əр жан иесі өлімді татады. Сол кезде бізге ораласыңдар". [Құран - 29:57].
--------------------
Жалпы адамдарда өлімге деген екі түрлі көзқарас бар деп ойлаймын. Біріншісі, "өлмей тұрып ойнап-күліп алу керек. Қамшының сабындай қысқа өмірде рақаттанып қалу керек" дейтіндер. 

Екіншісі, өлімді мүлдем еске алмайтындардың түсінігі. Ертен өлсе бəрі қалатынын ойламастан, мəңгі өмір сүретін адам ұқсап өлімді ұмытып кететіндер. Бұл көзқарастың екеуі де о дүниеде опық жегізеді. 

Бұған қоса үшінші көзқарас тағы бар, ол - Ислам дінінің көзқарасы. Исламда Өлім - о дүниеге өтетін өткел, көпір. Бұ дүниеде ақіреттік азықты жинап, ажалымыз келгенде жинаған ақіреттік азығымызды арқалап о дүниеге аттанамыз. 

Бірінші көзқарас - нəпсіқұмарлықты тудырады. 
Екінші көзқарас - дүниеқоңыздықты, менмендікті тудырады.
Үшіншісі - қанағатты, жомарттықты, адамгершілікті, қарапайымдылықты тудырады деген ойдамын.  
#деймінда #аяттантуғаной

 

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
2 жыл бұрын 2220
2 пікір
  • Алла разы болсын, Әбеке!
    Дұрыс айтасыз. Өлімді білсек, өмірдің мәні құлшылық екенін де жете түсінеміз. Құлшылық тек Алладан бұл дүниенің игілігін ғана (табыс, көлік, абырой, атақ, байлық) сұрау үшін емес, алдымен ақиретіміздің жақсылығынан үмітті болу үшін керек. Өлім мен құлшылық қатар жүретін егіз ұғымдар сияқты.
    2 жыл бұрын
  • Иман əлсірегенде өлімді еске алу парыз.
    4 ай бұрын
Блог туралы
0
589207 353 723 19403 295