Аяттан туған ой!

"Аллаға иман келтіргендер арасына жезөкшелікті (немесе арсыздықты) жайғысы келетіндерге дүниеде де, ақыретте де ауыр азап бар. Алла біледі, сендер білмейсіңдер". [Құран-24:19].
-------------------------
Өкінішке орай, қазіргі таңда теледидарда болсын, ғаламтор арқылы болсын түрлі арсыздықтарды жарнамалап, халық арасына насихатталып жатқаны жасырын емес. Жезөкшелік, некесіз ойнас, гомосексуализм, эротикалық бейнелер үйреншікті жағдайға айнала бастады. Ал, наркомания, анашизм, алкоголизм жастар арасында кең етек алғалы қашан. Бұл аздай, некесіз ойнасты мектеп жастағы бүлдіршіндерге тықпыштап жатыр. Осындай арсыздықтардың насихатталып, мұсылман қоғамында белен алуына мұрындық болғандарға екі дүние азабы бар. Кейбірі осы қысқа өмірден азап көрмей өтуі мүмкін. Бірақ, ертең қабірге кіре салысымен мəңгі де, азапты өмірге аяқ басатындығына шүбə жоқ. Ендігі жерде Біз, жақсылық пен жамандықтың, арлы мен арсыздықтың арпалысы жүріп жатқан мына өмірде қайсы тараптамыз? Ар-ұятты жаюшылар тарапында ма, əлде, арсыздықты ма? Орын алған тарапымызға қарап-ақ, ертеңгі ақыреттегі өмірімізді шамалай беруге болатын шығар! #деймінда #аяттантуғаной

Абдусамат ҚасымАбдусамат Қасым
2 жыл бұрын 1835
1 пікір
Блог туралы
0
562617 353 723 19402 295